«Шынықсаң – шымыр боларсың» тақырыбында кураторлық сағат өтті
11 ақпан 406 аудиторияда химия кафедрасының доценттері Сарова Н.Б., Ашимхан Н.С. және Абдурахманова Л.А. студенттер арасында спорт пен физикалық белсенділіктің маңыздылығын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Шынықсаң шымыр боларсың» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс- шараға ФӨТ 23-001; ФӨТ 23-002; ФӨТ 23-005; ФӨТ 23-006; ФӨТ 23-009; ФӨТ 23-010 топтар студенттері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар физикалық белсенділікке арналған жаңа бастамалармен танысып, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндіктер алды.