ҚазҰМУ студенттері шахмат біріншілігінде жүлделі орынға ие болды
2025 жылдың 21-23 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан Шахмат федерациясының ұйымдастыруымен Жоғары оқу орындары арасында шахматтан біріншілік өтті. Аталған жарыста Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан қалаларынан 34 команда бақ сынады.
ҚазҰМУ-дың шахмат құрама командасы жарысқа қатысып, лайықты өнер көрсетті. Команда құрамында төмендегі студенттер бар:
- Хайрулин Жасұлан (ТФП 22-035)
- Есанғалиев Арсланбек (Медицина 24-014)
- Икметуллаев Жандос Бердахұлы (Медицина 24-015)
- Әсентай Маруа Ерұланқызы (Жалпы медицина, ЖМ21-011)
Жарыс қорытындысы бойынша, жекелей тақта есебінде ТФП 22-035 тобының студенті Хайрулин Жасұлан жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орын иеленді.
Бұл– университетіміздің спорттық әлеуетінің жоғары екендігін және студенттердің жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік жасалатынын көрсетеді. Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз және алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!