Фармация мектебі секциясы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының І, ІІ турының қорытындылары және Республикалық СҒЗЖ конкурсының нәтижелері
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2024–2025 оқу жылы аясында «Фармация» секциясы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының екі кезеңнен тұратын ішкі университеттік конкурсы өткізілді.
І тур (кафедралық деңгей)
Өткізу мерзімі: 2024 жылғы 25 қараша – 2025 жылғы 24 қаңтар
Бірінші турға келесі кафедралардан 88 студент қатысты:
- Фармацевтикалық технология кафедрасы – 26 қатысушы;
- Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы – 17;
- Фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы – 11;
- Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы – 6;
- Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасы – 5;
- Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы – 20;
- Химия кафедрасы – 3.
Нәтижесінде 56 студент екінші турға жолдама алды.
ІІ тур (университеттік деңгей)
Өткізу күні: 2025 жылғы 1–2 сәуір
Өткізілген орны: 7-корпус, 9-аудитория
Екінші турда ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы және жоғары мазмұн сапасымен ерекшеленетін түпнұсқа студенттік жобалар ұсынылды.
Жүлделі орындар:
Екінші орын:
- Советбек Индира (4 курс ОП ТФП) – «Таубас сасыры (Ferula dissecta (Ledeb.) Ledeb.) шикізатының фармацевтика-технологиялық параметрлерін зерттеу».
Ғылыми жетекшісі: ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының ғылыми дәрежесіз қауымдастырылған профессоры, PhD – Жумашова Г.Т. - Бахытжан Азамат (4 курс ОП ТФП) – «Разработка технологии получения и контроль качества экстракта из травы эхинацеи пурпурной (Echinacea purpurea L.)».
Ғылыми жетекшісі: ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі – Ан В.С.
Үшінші орын:
- Каимова Мукадас (4 курс ОП ТФП) – «Бұқтарма жабрицасы (Seseli Buchtormensis L.) шикізаты жер асты бөлігінің анатомиялық-диагностикалық ерекшеліктерін және технологиялық параметрлерін анықтау».
Ғылыми жетекшісі: фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD – Тлеубаева М.И. - Кайрбекова Аделя (4 курс ОП ТФП) – «Термопсис құрғақ экстрактымен (Thermopsidis extractum siccum) түйіршіктердің құрамын, технологиясын әзірлеу және сапа көрсеткіштерін анықтау».
Ғылыми жетекшісі: фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD – Тлеубаева М.И. - Иманғазы Аяжан (4 курс ОП ТФП) – «Дезинтоксикация үшін ұсынылатын кешенді фито-шайды жасау және сапасын бағалау».
Ғылыми жетекшісі: фармацевтикалық технология кафедрасының ғылыми дәрежесіз қауымдастырылған профессоры, PhD – Койлыбаева М.К.
Арнайы номинациялар:
- «ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯ ҮШІН» – Мусанова Наргиз, Убайдулла Алдияр (2 курс ОП «Жалпы медицина»).
Ғылыми жетекшілер: фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор Бошкаева А.К.; профессор Маемеров М.М., техникалық ғылымдар магистрі Масакбаев А.Д. - «ҮЗДІК СТУДЕНТТІК БАЯНДАМА» – Жорабек Еркебулан (3 курс ОП ТФП).
Ғылыми жетекшісі: инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кожанова К.К. - «ШЕКСІЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» – Кенжанова Томирис (4 курс ОП ТФП).
Ғылыми жетекшісі: фармацевтикалық технология кафедрасының техника ғылымдарының докторы, профессоры – Кизатова М.Ж. - «ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ТОП» – Крымкул Нурай, Шаматаева Айзада (4 курс ОП ТФП).
Ғылыми жетекшісі: биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор – Жапаркулова К.А. - «ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ БАР ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ЖҰМЫС» – Амангелді Аружан (4 курс ОП ТФП).
Ғылыми жетекшісі: фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD – Рахымбаев Н.А.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Университет басшылығы барлық қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және конкурстық комиссия мүшелеріне белсенді қатысқандары және студенттік ғылымды дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.
Республикалық СҒЗЖ конкурсына ұсынылған қосымша жұмыстар:
Екінші тур аясында жүлделі орындарға ие болмағанымен, ғылыми негізділігімен және тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленген келесі жұмыстар республикалық кезеңге қатысу үшін ұсынылды:
- Танагузов Темирхан Мейрбекович (3 курс ОП «Фармация») – «Компьютерное моделирование новых производных сульфаниловой кислоты».
Ғылыми жетекшісі: фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі – Бошкаева А.К. - Әділбекова Әсел (3 курс ОП «Фармация») – «Тиісті дәріхана практикасының шарттарын ұйымдастыру бойынша жобалық жұмыс».
Ғылыми жетекшісі: фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD – Тлеубаева М.И.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Республикалық СҒЗЖ конкурсына ОП «Технология фармацевтикалық өндірісі» бойынша 5 және ОП «Фармация» бойынша 2 ғылыми жұмыс ұсынды. Барлық жұмыстар сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, қазіргі фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің өзекті бағыттарын көрсетті.
Республикалық СҒЗЖ конкурсы
Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы – студенттердің ғылыми әлеуетін дамыту, олардың зерттеу белсенділігін ынталандыру және жас ғалымдарды анықтау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Конкурсты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің жетекші ЖОО-ларымен бірлесіп ұйымдастырады.
Конкурсқа бакалавриат және интернатура студенттері қатысады. Жобалар алдын ала ЖОО ішінде іріктеліп, үздік жұмыстар республикалық кезеңге жіберіледі. Жеңімпаздар дипломдармен, ал ғылыми жетекшілер алғыс хаттармен марапатталады.
Республикалық СҒЗЖ конкурсының нәтижелері:
Қарағанды университеті (Е.А. Букетов атындағы), ОП «Технология фармацевтикалық өндірісі» бойынша:
№ | Марапат | Тақырып | Қатысушы | Ғылыми жетекші |
1 | Диплом II дәрежелі | Разработка технологии получения и контроль качества экстракта из травы эхинацеи пурпурной (Echinacea purpurea L.) | Бахытжан Азамат Олжасович | Ан Владимир Сергеевич, магистр, ассистент |
2 | Диплом III дәрежелі | Таубас сасыры (Ferula dissecta (Ledeb.) Ledeb.) шикізатының фармацевтикатехнологиялық параметрлерін зерттеу | Советбек Индира Жақыпқызы | Жумашова Гульсим Токановна, PhD, қауымдастырылған профессор |
Астана медицина университеті (НАО), ОП «Фармация» бойынша:
№ | Марапат | Тақырып | Қатысушы | Ғылыми жетекші |
1 | Диплом II дәрежелі | Компьютерное моделирование новых производных сульфаниловой кислоты | Танагузов Темирхан Мейрбекович | д.фарм.н., Бошкаева Асыл Кенесовна |
2 | Диплом III дәрежелі | Тиісті дәріхана практикасының шарттарын ұйымдастыру бойынша жобалық жұмыс | Әділбекова Әсел Анарбекқызы | PhD, Тлеубаева Меруерт Ильясовна |