С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың білім беру бағдарламаларына ауысу және қайта қабылдану
Құрметті білім алушылар!
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) білім беру бағдарламаларына басқа білім беру ұйымдарынан, соның ішінде шетелдік ұйымдардан ауысу және қайта қабылдану үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 01 шілде мен 8 тамыз аралығында жүргізіледі.
Ауысу немесе қайта қабылдану рәсімін өткізу үшін төменде көрсетілген құжаттардың толық топтамасы талап етіледі:
Үміткер ҚазҰМУ Басқарма төрағасы – Ректордың атына өтініш жазады. Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
- Ауысуға келісім, ауысу сәтінде білім алған жоғары оқу орнынан (ЖОО) алынған транскрипт;
- Егер үміткер шетелдік жоғары оқу орнында оқыған болса, транскрипт қазақ немесе орыс тіліне аударылып, Қазақстан Республикасында нотариалды түрде куәландырылуы тиіс.
- Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)сертификатының көшірмесі (шетелдік ұйымнан интернатураға немесе магистратураға ауысатындарға қолданылмайды);
- Білім беру гранты иегері куәлігінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
- Грант негізінде оқитын студенттер үшін стипендия тағайындау туралы бұйрықтан үзінді көшірме (бар болған жағдайда);
- Алдыңғы білім деңгейін аяқтағанын растайтын құжат. Бұл құжат Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану қағидалары мен Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес тану рәсімінен өтуі тиіс (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі №352 бұйрығымен бекітілген); немесе тану рәсімінен өтуге құжат тапсырғаны туралы анықтама, бұл жағдайда танылған құжатты ауысу/қайта қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде ұсыну қажет.
Өтініш пен барлық қажетті құжаттар университеттің тиісті мектеп/факультет деканатына өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау және кеңес беру тиісті деканат қызметкерлері арқылы жүзеге асырылады. Деканаттардың байланыс деректері мен мекенжайлары:
Мектеп/факультет | Мекенжайы | Байланыс деректері |
Жалпы медицина -1 мектебі | Алматы қ., Толе би көшесі, 88 (Сейфуллин қиылысы), оқу ғимараты №4 | 1) Оразымбет Куралай Бауыржанкызы
+7 707 576 35 95 [email protected] 2) Мухашева Динара Касымбеккызы +7 700 755 51 69 |
Жалпы медицина -2 мектебі | Алматы қ, Толе би көшесі, 88 (Сейфуллин қиылысы), оқу ғимараты №4 | Илиясова Аяулы Даулетовна
+7 771 491 36 22 |
Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі | Алматы қ, Толе би көшесі 88 (Сейфуллин қиылысы), Оқу ғимараты №4 | Авгамбаева Нагима Нурсеитовна
+7 702 376 04 71
|
Педиатрия мектебі | Алматы қ, Толе би көшесі, 88 (Сейфуллин қиылысы), оқу ғимараты №4 | Ахан Лайла Ахановна
жұмыс телефоны: 338 70 90 ішкі.75-02 [email protected] |
Фармация мектебі | Алматы қ, Толе би көшесі, 88 (Сейфуллин қиылысы), оқу ғимараты №4 |
Жұмыс телефоны: 338 70 90 ішкі.7771
жұмыс телефон: 338 70 90 ішкі:7043
жұмыс телефоны: 338 70 90 ішкі. 7771 |
Халықаралық факультет | Алматы қ, Толе би көшесі 88 (Сейфуллин қиылысы), оқу ғимараты №4 | Тулегенова Бекзат Мыктыбаевна
+7 702 844 57 85 |
Стоматология мектебі | Алматы қ, Сейфуллин көшесі, 453 (Толе би қиылысы), оқу ғимараты №3 |
жұмыс телефоны: 338-70-04 (ішкі. 7535)
+7 707 941 8911 |
Магистратура және PhD докторантура бөлімі |
Алматы қ, Толе би көшесі 94, 401 каб. Б.Атчабаров атындағы ҒЗИ
|
1) Магистратура-Букабаева Салтанат Айтахуновна,+7 775 4423433,
2) PhD докторантура – Каймолдина Сандуғаш Калымхановна,+700 2669117,[email protected] |
Постдипломдық білім беру факультеті | Алматы қ, Маметова көшесі 16/3, 2 этаж | Абжапарова Шалкар Алмабековна,
жұмыс телефоны: 338-70-90, ішкі.75-30 [email protected] |
Академиялық адалдық кодексін бұзғаны үшін оқу орнынан шығарылған студенттер С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне қайта қабылданбайдығын хабарлаймыз.
Назар аударыңыздар, 2025 жылғы 8 тамыздан кейін ауысу және қайта қабылдануға қатысты өтініштер мен құжаттар қабылданбайды.