ҚазҰМУ-да 2025–2026 оқу жылына арналған ГРАНТ бөлу нәтижелері жарияланды
Барша талапкерлерді шын жүректен құттықтаймыз! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде мемлекеттік білім грантымен оқуға жартылай өту балдарын жариялады.
Жалпы конкурс бойынша грант балдары:
Медицина – 124
Педиатрия – 113
Мейіргер ісі – 100
Фармация – 124
Медико-профилактикалық іс – 102
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы – 88
Ауылдық квота:
Медицина – 116
Педиатрия – 107
Мейіргер ісі – 99
Фармация – 116
Медико-профилактикалық іс – 98
ҚазҰМУ – болашақ медицина көшбасшыларының таңдауы. Қазақстандағы әрбір үшінші болашақ дәрігер өз жолын осы жерден бастайды. Біз сапалы білім, заманауи клиникалық базалар және студенттер үшін кең мүмкіндіктер ұсына отырып, елдегі жетекші медициналық жоғары оқу орны екенімізді мақтан тұтамыз.