Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру
2025 жылғы 22 қыркүйек пен 4 қазан аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылды.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, х.ғ.к. А.К. Калдыбаева Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, химия факультетінің 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4-курс білім алушыларына «Синтетикалық және табиғи дәрілік заттардың химиясы мен технологиясы» пәні бойынша дәрістер оқып, зертханалық сабақтар өткізді.
Сонымен қатар, А.К. Калдыбаева 26 қыркүйекте Қазақстан металлургиясы мен химиялық технологиялар саласының көрнекті ғалымы, ғылым мен өнеркәсіп саласындағы жоғары марапаттардың иегері, академик Е.А. Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Е.А. Бөкетовтың ғылыми көкжиектері» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, «Үлкен түйежапырақ (Arctium lappa) тамырларынан алынған сұйық экстракттың сапа көрсеткіштері және технологиялық сызбасы» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Академиялық ұтқырлық пен ғылыми конференцияға қатысу тәжірибе алмасуға, университетаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми әлеуетті дамытуға және фармацевтикалық сала мамандарын даярлау сапасын арттыруға ықпал етті.