Медициналық сарапшылар форумы 2025
2025 жылғы 7–8 қазан күндері Германияның Баден-Баден қаласында халықаралық «Медициналық сарапшылар форумы 2025» өтті. Іс-шараға Шығыс Еуропа мен Азияның сегіз елінен дәрігерлер шақырылды. Ересектер және балалар невропатологтары, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, ревматологтар, урологтар, реабилитологтар, офтальмологтар және басқа да клиникалық профиль мамандары жүйелі биореттеуші медицина мәселелерін талқылады. Классикалық және баламалы медицинаның арасында қалыптасқан «көпір» жоғары тиімді терапиялық мүмкіндіктерге жол ашқан нақты «платформаға» айналды.
Форумда созылмалы және жедел қабыну үрдістерін шешуден бастап, нейрондық желілерді қалпына келтіру және әртүрлі дисфункционалдық жағдайларда оңалтудың мүмкіндіктеріне дейін кең ауқымды тақырыптар қамтылды.
Форумға қатысушылар баламалы медицинаның әлемдік деңгейдегі зерттеу бағдарламаларымен (клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулер) танысты, сондай-ақ созылмалы және жедел қабыну процестерін, ауырсыну синдромын, стрессті, ұйқы бұзылысын, бас айналуын және басқа да көптеген мәселелерді емдеудегі жаңа тәсілдерді талқылады. Сарапшылар мен қатысушылар биореттеуші жүйелік медицина саласындағы тәжірибелермен, сондай-ақ науқастарды емдеу тәсілдері бойынша ұсыныстармен белсенді бөлісті.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасы атынан форумға медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Атантаева Эльмира Балабековна қатысты. Ол нейропатиялық ауырсыну синдромдарын емдеуде психо- және биореттеуші тетіктердің мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Ал Қарағанды медицина университетінің атынан медицина ғылымдарының докторы, профессор Қиспаева Токжан Тохтаровна өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.
Сарапшылар транскриптомдық технологиялармен танысу мүмкіндігіне ие болды — бұл транскриптомды (яғни жасушадағы барлық РНҚ транскрипттерінің жиынтығын) зерттеуге арналған әдістер. Транскриптом құрамына РНҚ бөлінген сәтте жасушада болған барлық транскрипттер кіреді. Транскриптомды зерттеу арқылы кез келген уақыт аралығында жасушада қандай процестер белсенді болғанын анықтауға болады.
«Табиғат денсаулық үшін қажеттінің бәрін жаратқан. Біз оның күшін пациенттердің ауырсынусыз қозғалуына көмектесу үшін қолдануымыз керек».
Форум сарапшыларының арқасында биореттеуші мультидисциплинарлық медицина саласында халықаралық ынтымақтастық орнатуға, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге, медициналық қауымдастықтың хабардарлығын арттыруға және кәсіби құзыреттерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылды.










