Тәлімгерлер Кеңесінің отырысы өтті
2025 жылдың 20 қарашасы университеттің Технопарк залында Тәлімгерлер Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:
Университет проректоры У. Датхаев тәртіптік комиссияда қаралған студенттердің тәлімгерлерін келесі отырысқа шақыруды және студенттердің жатақханада әрі бос уақытын тиімді өткізуін бақылауды тапсырды.
2025–2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы есеп тыңдалды.
Университет жатақханасында тұратын студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты ақпаратты Білім алушыларды дамыту және қолдау департаментінің басшысы м.а. А. Бекжанов ұсынды.
Сонымен қатар, Тәрбие жұмысы және студенттік бастамалар орталығының басшысы Л. Ахан «Тәлімгерлердің студенттермен жұмыс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында таныстырылым жасады.
Жиын университеттегі тәлімгерлік жұмысты жүйелеуге және студенттерді қолдау шараларын күшейтуге бағытталды.











