Ташкент фармацевтикалық институтымен академиялық ұтқырлық және тәжірибе алмасу
Академиялық ұтқырлық және тәжірибе алмасу мақсатында 22.12.25 – 24.12.25 аралығында Ташкент фармацевтикалық институтынан профессор Инагамов Сабитджан Якубжанович «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасына «Биофизика» пәнінен және доцент Илхамов Хисомиддин Шотурсунович «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасына «Математика» пәні бойынша практикалық сабақтар және ғылыми бағыттар бойынша «Фармация» және «Фармациялық өндірістің технологиясы» мамандықтарының студенттері мен докторанттарына мастер – класс өткізді. Сондай-ақ «ШОМ-1» және «Фармация» мектептерінің декандарымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлескен ғылыми зерттеулерді жоспарлау мәселелері талқыланды. Болашақта бірлесіп жемісті жұмыс жасауға ниеттіміз.












