С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Халықаралық студенттік ғылыми олимпиада өтті
2026 жылғы 7 сәуірде С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары контексіндегі денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары» тақырыбында, Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне орай, онлайн форматта Халықаралық студенттік ғылыми олимпиада өткізді.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасының жетекші медициналық жоғары оқу орындарынан 10 команда қатысып, қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медицина саласындағы білім мен тәжірибе алмасуға арналған маңызды ғылыми-білім беру алаңына айналды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу және аналитикалық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ тұрақты даму жаһандық күн тәртібі аясында халық денсаулығын қалыптастырудағы әлеуметтік факторлардың рөлін терең түсінуін жетілдіру.
Олимпиада бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: командалық бейнепрезентация, ғылыми-аналитикалық тур және капитандар сайысы. Байқау барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі теориялық дайындықтарын, қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін сыни тұрғыдан талдау қабілеттерін және пәнаралық тәсіл негізінде негізделген шешімдер ұсыну дағдыларын көрсетті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын — MedImpact (С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ);
II орын — White Coats Team (Астана медицина университеті), Lucidi Medici (Башқұрт мемлекеттік медицина университеті), Equitas Med (Ташкент медицина университеті);
III орын — «Шырақ» (Астана медицина университеті), Cure Vitae (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы), Alem Med (С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Олимпиаданы өткізу халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға және олардың қоғамдық денсаулық сақтау мен әлеуметтік медицина саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыруға ықпал етті.











