«Фармация» білім беру бағдарламасының студенттері арасында, Фармация мектебінің 75 жылдығына арналған II Халықаралық фармацевтикалық химия және фармакогнозия пәндік олимпиадасы
2026 жылдың 21 мамырында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Фармация мектебінің 75 жылдығына арналған «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттері арасында II Халықаралық фармацевтикалық химия және фармакогнозия пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада Қазақстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының жетекші медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарының дарынды студенттерін, жас зерттеушілерін және оқытушыларын біріктірді.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердің 8 жоғары оқу орнынан 13 команда қатысты.
Олимпиада бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды: командалардың бейнеролик форматындағы шығармашылық таныстырылымы, «Фармацевтикалық химия» және «Фармакогнозия» пәндері бойынша тестілеу, сондай-ақ фармацевтикалық химия мен фармакогнозия саласындағы білім мен дағдыларды, кәсіби эрудицияны және теориялық білімді практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалауға бағытталған ситуациялық тапсырмаларды шешу.
Олимпиаданың ашылу салтанатына ҚазҰМУ жанындағы фармацевтика мектебінің деканы, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Сакипова Зурриядда Бектемировна және фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Асыл Кенесовна Бошкаева қатысты. Іс-шараны ҚазҰМУ-дың фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы мен ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының өкілдері ұйымдастырып, модераторі етті. Жүргізуші: Ан В.С., ботаника курсы бар фармакогнозия кафедрасының оқытушысы.
Байқау кезеңдерін халықаралық қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына Қазақстан мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының өкілдері, соның ішінде «Ботаника және фитоинтродукция институтының» мамандары кірді. Қазылар алқасының төрайымы және тәуелсіз мүшесі болып биология ғылымдарының кандидаты, «Ботаника және фитоинтродукция институтының» бас ғылыми хатшысы Саметова Эльмира Сайлауханқызы тағайындалды.
Олимпиада қорытындысы бойынша түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Бейнероликтер байқауында кәсіби дайындықтың, креативтіліктің және командалық жұмыстың жоғары деңгейін көрсеткен Фармацевтикалық білім және зерттеулер институтының (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) «Farma Elite» командасы жеңіске жетті.
Тест тапсырмалары байқауында:
– I орынды «Аналитик» командасы (С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) иеленді;
– II орынды «Phyto-Impuls» (ТашФармИ, Өзбекстан) және «Фармики» (Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, РФ) командалары бөлісті;
– III орынды «VitaNova» (С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ), «PhytoPharma» (Астана медицина университеті), «Полифармистан» (Астана медицина университеті) және «Экстракт Настроения» (ҚРМУ) командалары иеленді.
Ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңінде:
– I орынды «Шипагер» командасы (ҚРМУ) алды;
– II орынды «Pharm-Impuls» (ТашФармИ, Өзбекстан) және «VitaNova» (С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) командалары бөлісті;
– III орынды «Пятый элемент» (С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ), «PharmCare» («Bolashaq» академиясы) және «Фармики» (Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, РФ) командалары иеленді.
Сонымен қатар, II Халықаралық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасының Андижан мемлекеттік медицина институтының «ASMI-Pharm» командасы халықаралық алаңда өз оқу орнын лайықты таныстырып, кәсіби дамуға ұмтылысы мен жоғары белсенділігі үшін «Белсенді қатысқаны үшін» арнайы марапатымен атап өтілді.
II Халықаралық пәндік олимпиаданың серіктестері ретінде ТОО «Экопост», «Ботаника және фитоинтродукция институты» және «KELUN-KAZPHARM» ЖШС іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге қолдау көрсетті.












