«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығынын аккредиттеу
2016 жылдың 28 наурызында ҚазҰМУ-да БСҚА агенттігінің Сыртқы саралау комиссиясы (ССК) «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының (бакалавриат, магистратура, докторантура PhD) білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді бастады.
ССК құрамы:
Янис Павлович Залькалнс
Руководитель экспертной группы
Ригалық Шығыс клиникалық университеттік аурухана
геронтология профессоры
Имашева Бағдат Сакенқызы
Саралау тобының үйлестірушісі
Аккредиттеуден кейінгі бақылау бөлімінің басшысы
биология ғылымдарының докторы, профессор
Бейсенбекова Гульшара Қалиқызы
Ұлттық сарапшы
АО «Астана медицина университеті» саралау қызметінің
және менеджмент кафедрасының профессоры
Горемыкина Майя Валентиновна
Ұлттық сарапшы, медицина ғылымдарының кандидаты
Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің
«Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының доцентінің м.а.
Яковлева Наталья Альбиновна
Жұмыс берушілердің өкілі, медицина ғылымдарының докторы
ЭҒАТҚХА академигі
(Экология ғылымының, адам және табиғат қауіпсіздігінің
халықаралық академиясы, Санкт-Петербург)
«ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС ғылым және аналитикалық
зерттеу департаментінің директоры
Габдрашитова Асем Жәлелқызы
Студенттердің өкілі, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің»
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистранты
ССК бағдарына сәйкес 2016 жылдың 28 наурызында білім беру бағдарламаларына қатысатын (ҚДСМ, қоғамдық денсаулық сақтауды басқару және саясаты, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы гигиена және экология, коммуникативтік дағдылар, эпидемиология кафедралары, әскери даярлау кафедрасы және т.б.) бөлімшелерді аралады. ҚазҰМУ-дың жоғары басшылығымен, проректорлармен, негізгі бөлімшелердің басшыларымен (Университетті дамыту институты, халықаралық ынтымақтастық бөлімі, Педагогикалық шеберлік мектебі, ДКББИ), кафедра меңгерушілерімен әңгімелесті, сонымен қатар студенттермен, магистранттармен, докторанттармен, ҚазҰМУ-дың түлектерімен және оқытушыларымен сұхбаттасты.
2016 жылдың 29 наурызында ССК өз жұмысын жалғастыруда.