ҚазҰМУ постдокторантурада оқуға құжаттар қабылдау басталғанын хабарлайды
Постдокторантура – жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, ҚазҰМУ-дың ғылыми мектептері мен институттарының қалыптасуы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру нысаны.
Конкурсқа қатысуға шақырылады:
- конкурс басталғанға дейін 6 жылдан кешіктірмей алынған PhD докторы немесе оған теңестірілген дәрежесі бар, 40 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
Постдокторантура бағдарламасы мыналарды қамтиды:
- жеке жоспарға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысын орындау;
- аралық және қорытынды аттестаттаудан өту;
- зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми жарияланымдар дайындау;
- атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті ұсыну.
Постдокторантқа қойылатын негізгі талаптар:
- постдокторанттың жеке жұмыс жоспарын орындау;
- 3 жыл ішінде кемінде 7 мақала жариялау: бірінші жылдың қорытындысы бойынша 2 мақала, екінші жылдың қорытындысы бойынша 2 мақала және үшінші жылдың қорытындысы бойынша 3 мақала Web of Science базасында Q3-тен төмен емес және/немесе Scopus базасында процентилі 35-тен төмен емес журналдарда жариялануы тиіс;
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- конкурстық өтінім;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- PhD дәрежесін немесе оған теңестірілген дәрежені беру туралы дипломның көшірмесі;
- шетелде алынған дәрежені тану туралы құжаттар, болған жағдайда;
- түйіндеме;
- жоспарланған зерттеудің аннотациясы;
- 1000 белгіден аспайтын мотивациялық хат;
- постдокторанттың 3 жылға арналған жеке жұмыс жоспары;
- соңғы 3 жылдағы Web of Science / Scopus базаларында индекстелетін журналдардағы ең маңызды жарияланымдардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттар, болған жағдайда;
- ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат: IELTS Academic кемінде 5,5, TOEFL ITP кемінде 460 немесе TOEFL iBT кемінде 46;
- сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылықтың бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтер.
Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда, үміткер конкурстан шығарылуы мүмкін. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.
Конкурстық іріктеу кезеңдері:
- Өтінімдерді алдын ала қабылдау: 10–14 тамыз.
- Зерттеу жоспарын Комиссия отырысында қорғау: 17–21 тамыз.
- Қабылдау: 24–28 тамыз.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын алу үшін қажетті құзыреттерге ие болады.
Қосымша ақпарат:
Ресми сайт: https://kaznmu.edu.kz/ru/постдокторантура
Байланыс тұлғасы: +7 (727) 338-70-90 (71-28), [email protected]


