«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ интернатурасына ауысу және қайта қабылдау
Құрметті бакалавриат түлектері!
Басқа білім беру ұйымдарынан, оның ішінде шетелдік білім беру ұйымдарынан «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ интернатурасына білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 шілдеден 31 шілдеге дейін қоса алғанда жүзеге асырылады.
Рәсімге қатысу үшін келесі құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет:
- Диплом – түпнұсқасы және көшірмесі;
- Дипломға қосымша (үш тілде) – түпнұсқасы және көшірмесі;
- Жеке куәліктің көшірмесі – 2 дана;
- 5-курстан 6-курсқа көшіру туралы бұйрықтың көшірмесі;
- Барлық оқу кезеңі бойынша GPA көрсеткіші – кемінде 3,5 балл.
Құжаттарды қабылдау келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 151, № 7 оқу ғимараты, 1-қабат, № 108 кабинет, Студенттерге қызмет көрсету орталығы.
Байланыс телефоны: +7 (727) 338-70-90.


