«ҚазҰМУ – 2016 БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ»
2016 жылғы 15 сәуірде сағ.10.00 С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Concordia» студенттер театрында, Бөгенбай батыр к-сі, 193 үй мекенжайында 2016 жылдың түлектері үшін «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтеді. 2015-2016 оқу жылында 1700 маман оқу бітіргелі отыр. Олардың ішінде:
№ р/с | Мамандықтар | Саны |
1 | Жалпы медицина (Терапия) | 355 |
2 | Жалпы медицина (Акушерлік және гинекология) | 83 |
3 | Жалпы медицина (Хирургия) | 117 |
4 | Жалпы медицина (ЖПД) | 424 |
5 | Жалпы медицина (Педиатрия) | 120 |
6 | Стоматология | 103 |
7 | Резидентура | 115 |
8 | Магистратура | 64 |
9 | Phd докторантура | 16 |
10 | Мейірбике ісі | 35 |
11 | Медико-профилактикалық іс | 65 |
12 | Қоғамдық денсаулық сақтау | 62 |
13 | Фармация | 101 |
14 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | 35 |
15 | Менеджмент | 5 |
Барлығы: | 1700 |
Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген түлектердің мүдделерін бір-бірлеріне жақындастыру. Қазір жұмысқа орналасу мәселесі жас мамандар үшін өте өзекті болып табылады. Бүгінгі таңда бос жұмыс орындлар жәрмеңкесі – жұмысқа орналасуға ықпал жасаудың ең тиімді жолы. Жәрмеңкеге медицинаның түрлі салалары бойынша маманданған көптеген компаниялар қатысады, яғни түлектерге жұмыс орнын таңдау үшін, сондай-ақ жас мамандарға арналған түрлі бағдарламалармен танысу үшін мол мүмкіндіктер берілген.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде еңбек нарығын практикалық түрде зерттеп көруге мүмкіндігіңіз бар. Сіз өзіңізге жасалған түрлі ұсыныстарды қарастырып көресіз, жас мамандарға арналған көптеген бағдарламалармен танысасыз.
Жәрмеңкеге 3065 бос жұмыс орындарын ұсынатын денсаулық сақтау басқармалары мен ұйымдарының, ҚР тұтынушылар құқығын қорғау департаменттерінің өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
№ р/с | Республиканың ұйымдары | Кадрларға сұраныс |
1 | Алматы қ. | 477 |
2 | Алматы облысы | 307 |
3 | Ақтөбе облысы | 99 |
4 | Ақмола облысы | 363 |
5 | Атырау облысы | 178 |
6 | Шығыс Қазақстан облысы | 121 |
7 | Жамбыл облысы | 273 |
8 | Батыс Қазақстан облысы | 65 |
9 | Қостанай облысы | 318 |
10 | Қызылорда облысы | 114 |
11 | Маңғыстау облысы | 200 |
12 | Павлодар облысы | 48 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 115 |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысы | 61 |
15 | ҚР тұтынушылар құқығын қорғау департаменті | 178 |
16 | ҚР ведомстволық ұйымдары | 52 |
17 | С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ | 96 |
Барлығы: | 3065 |
Ұйымдардағы ең сқұранысқа ие мамандықтар:
№ р/с | Мамандықтар | Сұраныс
қала/ауыл |
1 | Терапия | 140/68 |
2 | Жалпы дәрігерлік практика | 154/147 |
3 | Педиатрия | 114/38 |
4 | Акушерлік және гинекология | 124/79 |
5 | Онкология | 49/11 |
6 | Анестезиология және реаниматология | 140/44 |
7 | Невропатология | 79/29 |
8 | Фтизиатрия | 68/34 |
9 | Жұқпалы аурулар | 81/16 |
10 | Офтальмология | 59/26 |
11 | Оториноларингология | 40/25 |
12 | Клиникалық зертхана | 90/26 |
Және басқалар | ||
Барлығы: | 1138/543 |
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде жоспарланған шаралар:
- Жұмыс берушілердің презентациялары
- стенд сессиялары
- түлектердің жұмыс берушілермен жеке сұхбаттасуы.
Жәрмеңкеге қатысу үшін 2015-2016 оқу жылының барлық түлектері сабақтан босатылады.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі