Медициналық жоғары оқу орнында оқытудың инновациялық әдіснамалары, әдістемелері мен технологиялары
2026 жылғы 14-19 қыркүйек аралығында университет базасында 60 штаттық оқытушыға арналған «Медициналық жоғары оқу орнында оқытудың инновациялық әдіснамалары, әдістемелері мен технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Курс білім алушыларды оқу үдерісіне белсенді тартуға, сыни ойлау мен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған заманауи тәсілдерге арналды. Аталған тәсілдер дәстүрлі дәрістер мен семинарлар шеңберінен шығып, онлайн-оқытуды, кейс-әдісті, геймификацияны, жобалық оқытуды, аралас (blended) және төңкерілген оқытуды, VR/AR технологияларын, сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдануды қамтиды. Курс білім беру тиімділігін арттыруға, студенттердің дербестігін дамытуға, оларды қарқынды өзгеріп жатқан әлемге және денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына дайындауға бағытталған.
Тыңдаушылар білім беру бағдарламаларына интерактивті және икемді тәсілдерді енгізуге деген білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім беру кеңістігіндегі инновациялық әдістерді зерделеді.
Біліктілікті арттыру курсын «Медицина» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, практикалық дағдылар орталығының директоры Кемелова Гүлшат Сейтмуратқызы жүргізді.
Практикалық тапсырмаларды орындаған тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.











