ҚазҰМУ-да студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бас ғимараты алдында студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде бірінші курс студенттеріне университеттің қоғамдық, ғылыми, шығармашылық және спорттық өміріне араласу мүмкіндіктері таныстырылды.
Бүгінде ҚазҰМУ-да 6 студенттік деканат, 13 студенттік ұйым, 6 шығармашылық және 12 спорт клубы жұмыс істейді. Оларға 3800-ге жуық студент қатысады. Бұл ұйымдар студенттік өзін-өзі басқару, еріктілік, ғылым, шығармашылық және спорт бағыттарын қамтиды.
Жәрмеңкеде әр ұйым өз жұмысын таныстырып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Қызығушылық танытқандар сол жерде өздері таңдаған ұйымға немесе клубқа жазылды. Іс-шара барысында дәрігерлік кәсіптің дәстүрлі нышаны саналатын Гиппократ анты айтылып, жастарға болашақ мамандығының жауапкершілігін еске салды.
Жәрмеңкеге келген студенттер ұйымдардың жұмысымен танысып, өздері қызығатын бағыттар бойынша ақпарат алды. Бірінші курс студенттері ғылыми үйірмелерге, спорт секциялары мен шығармашылық ұжымдарға қосылуға ниет білдіріп, университеттің қоғамдық өміріне араласуға алғашқы қадам жасады.




































































