«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Құрылымдық бөлімшенің атауы: Оқу үдерісін жоспарлау және бақылау бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
- Жоғары білімінің болуы;
- жоғары білім беру жүйесінде кемінде 5 жыл/ немесе білім беру жүйесінде 7 жыл/ немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (магистр дәрежесі) жұмыс өтілінің және жоғары білім беру жүйесінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Келесі құзыреттердің болуы:
– атқаратын лауазымы шеңберінде мамандығы бойынша Мемлекеттік (шет) тілді толыққанды қолдану, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіби деңгейде мемлекеттік тілді және неғұрлым кең таралған шет тілдерінің бірін меңгерген жөн;
-іскерлік келіссөзер жүргізу және іс-қағаздармен жұмыс жасау;
– оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін білу;
– оқу сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және ұйымдастыру;
– жоғары мектеп қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істей білу;
– жауапкершілік, әдептілік;
– барабар бағалау және өзін-өзі бағалау қабілеті;
– эмоционалды тұрақтылық;
– командада жұмыс істей білу;
– коммуникативтік дағды.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7024 телефоны арқылы алуға болады.


