«ҚазҰМУ Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-2016»
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының 2016 жылғы 03 наурызындағы №165 бұйрығына сәйкес «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ҚазҰМУ-2016» іс-шарасын жүргізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы құрылды, оның құрамына төмендегідей тұлғалар енді:
Төраға: Төлебаев Қ.А.- оқу- әдістемелік және әлеуметтік жұмыс бойынша проректор.
Комиссия мүшелері:
Кусаинова А.Т. – кәсіби-бағдар, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығы;
Исенова С.Ш. – интернатура және резидентура деканы;
Кожанова К.К. – Фармация факультетінің деканы;
Бегадилова Т.С – Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті деканы;
Иванченко Н.Н- Мейірбике ісі факультетінің деканы;
Амантаев Б.А. – Стоматология факультетінің деканы;
Бошкаева А.К- PhD докторантура және магистратура бөлімінің басшысы.
Төмендегідей құжаттар дайындалып, бекітілді:
– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу жоспары;
– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі іс-шарасын өткізілу бағдарламасы.
Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген бітірушілердің мүдделерін жақындастыру .
2016жылдың 15 сәуір күні ҚазҰМУ-да 2015-2016 оқу жылының бітірушілеріне арналған Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оған төмендегідей мамандықтар бойынша білім алған бітірушілер қатысты:
№ р\с | Мамандықтар | Саны |
1 | Phd докторантура | 16 |
2 | Резидентура | 115 |
3 | Жалпы медицина (Терапия) | 355 |
4 | Жалпы медицина (Акушерлік іс жәнегинекология) | 83 |
5 | Жалпы медицина (Хирургия) | 117 |
6 | Жалпы медицина (Жалпы практик дәрігер) | 424 |
7 | Жалпы медицина (Педиатрия) | 120 |
8 | Стоматология | 103 |
9 | Магистратура | 64 |
10 | Мейірбике ісі | 35 |
11 | Қоғамдық денсаулық сақтау | 65 |
12 | Медико-профилактикалық іс | 62 |
13 | Фармация | 101 |
14 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | 35 |
15 | Менеджмент | 5 |
Барлығы: | 1700 | |
Медициналық мамандарға тапшылық және шараға қатысу үшін ресми сұраныстар Алматы, Астана қалалық және барлық облыстардың денсаулық сақтау басқармаларына және ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне, ғылыми-зерттеу-институттары мен ғылыми орталықтарға жіберілді.
Университетке 3065 бос жұмыс орындарына сұраныстар түсті. Айрықша талап етілген мамандықтар: участкелік педиатрлар мен терапевттер, акушер-гинекологтар, жалпы практик дәрігерлер, анестезиолог-реаниматологтар, кардиологтар, невропатологтар, нефрологтар, офтальмологтар, жедел жәрдем дәрігерлері, онкологтар және т.б.
Жәрмеңкегеі қатысқан өкілдер:
№ | Аймақтар | Өкілдер | Ұйымдар
|
1 | Алматы қаласы | 173 | 82 |
2 | Алматы облысы | 39
|
37 |
3 | Атырау облысы | 6 | 6 |
4 | Оңтүстік Қазақстан облысы | 3
|
3 |
5 | Ақмола облысы | 2
|
2 |
6 | Жамбыл облысы | 12
|
12 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 9
|
8 |
8 | Шығыс Қазақстан облысы | 4
|
4 |
9 | Маңғыстау облысы | 5
|
5 |
10 | Қызылорда облысы | 6
|
6 |
11 | Солтүстік Қазақстан облысы | 2
|
2 |
12 | Қостанай облысы
|
6 | 6 |
13 | Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері | 3 | 3 |
14 | ҚР ҚТЖК | 4
|
2 |
15 | ҚР-ның қорғаныс министрлігінің өкілдері | 2 | 2 |
Барлығы: 12 аймақтан | Барлығы: 276 өкіл
|
Барлығы: 180 ұйым |
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ҚазҰМУ-2016» іс-шарасын құттықтау сөзбен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы, м.ғ.д., профессор Хамзина Нұргүл Қалиқызы ашты.
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті: жетістіктері, даму мүмкіндіктері» тақырыбында м.ғ.д., профессор, оқу-әдістемелік және әлеуметтік жұмыс бойынша проректор Қ.А. Төлебаев баяндама жасады.
Интернатура және резидентура деканыв, м.ғ.д. С.Ш. Исенова «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интерндер және резиденттерді дайындау» баяндамасымен шықты.
ҚазҰМУ Бітірушілер ассоциациясының Президенті, м.ғ.д., профессор Қ.Қ. Құрақбаев «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Бітірушілер ассоциациясының жас мамандардың жетілуіндегі рөлі» тақырыбындағы баяндамасын жасады.
Бітірушілер алдында денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері сөз сөйледі:
– Ахметов В.И. – Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
– Ирменов К.М. – Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
– Байдувалиев А.М. – Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, сонымен қатар өздерінің аймақтары мен емдік ұйымдарын, жоғары медициналық білімі бар мамандарға тапшылық қажеттілігін таныстырған көптеген медициналық ұйым өкілдері. Жұмыс берушілерден барлығы сөз сөйлеу- баяндама үшін 18 сұраныс берілді.
Жәрмеңке аясында ұйымдастырылған жеке кездесу кезінде Республиканың медициналық ұйымдарының көптеген өкілдері баяндама жасап, өздерінің аймақтары туралы, облыстың медициналық ұйымдары туралы, медициналық тапшылық және берілетін әлеуметтік көмектер туралы айтып берді. Жұмыс берушілер өздерінің ұйымдарының баннерлерін және аңдатпаларын дайындап алып келді.
Денсаулық сақтау басқармалары, Республиканың тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің және мелициналық ұйымдардың өкілдері арасында бітірушілермен жеке жұмыс жасауына барлық жағдай жасалды, бітірушілер өздері үшін жұмыс жағдайын, берілетін әлеуметтік көмек туралы толық анықтап алуға мүмкіндік алды. Жұмыс берушілер мен бітірушілер арасында жұмысқа орналасу бойынша 3-жақты келісім шарт жасалынды.
2016 жылғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қатысушылары біздің бітірушілерге бар жақсылық, университетті жақсы бітірулерін тілеп, оларды өздерінің ұйымдарында асыға күтетіндерін айтты.
Шараға ақпараттық қолдау көрсеткендер:
– ҚазҰМУ баспасөз қызметі;
– «Алматы» телеканалы;
– «Total.kz» ақпараттық агенттігі;
– «Казинформ» ақпараттық агенттігі.
Кәсіби-бағдар, студенттерді дамыту және
бітірушілерді жұмыспен қамту орталығы
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазұму-бос-жұмыс-орындары-жәрмеңке/