Сибугатулла Рыскалиевич Қарынбаевтың туылған күніне 105 жыл толуына арналған Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қалыпты анатомия кафедрасында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ірі ғалым және денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушы, ҚазССР-ның денсаулық сақтау министрі, АММИ (ҚазҰМУ)-ның ректоры, профессор Сибугатулла Рыскалиевич Қарынбаевтың туылған күніне 105 жыл толуына арналған Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны жылы сөздермен құттықтап ҚазҰМУ-ның ректоры профессор А.А.Ақанов ашты.
Қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі проф. Досаев Т.М. «С.Р.Қарынбаевтың – жылдар, адамдар, өмірі» атты баяндама жасады.
С.Р.Қарынбаевтың әріптестері мен шәкірттері:
ҰҒА-ның академигі, академик Рақышев А.Р., профессорлар: Ушбаев К.У., Идрисов А.А., Романюк С.Н. естеліктерімен бөлісті.
Профессор Досаев Т.М. «Иммуногистохимия новый этап развития морфологической науке в РК» және профессор Алмабаев Ы.А. «НИР кафедры клинической анатомии КазНМУ – достижения и перспективы» атты ғылыми баяндамалар жасады.
Баяндамалар мен шығыпсөйлеулер постерлерді көрсету арқылы жүргізілді:
-Қарынбаев Сибагатулла Рыскалиевич – туғанына 105 жыл толуымен
-Қарынбаев Сибагатулла Рыскалиевич – Ұлы Отан соғысына қатысушы.