ҚазҰМУ-да «Қарттарым- асыл қазынам», «Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар!» атты іс-шарасы өтті
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың тамаша қалыптасқан дәстүрлері мен құндылықтарының бірі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету болып табылады. Қазан айының бірі «Қарттар күні» мерекесі. Ұстаздар мерекесі де осы «Қарттар күні» мерекесімен тұспа-тұс келеді.
Айтулы мерекелік іс-шаралар 2016 жылдың 07 қазан күні, сағат 12.00-де ҚазҰМУ жергілікті жұмысшылар кәсіподағының материалдық қолдауымен және Студенттермен жұмыс жөніндегі басқармаға қарасты Студенттердің өзін-өзі басқару бөлімі, Орыс тілі кафедрасының бірлесе ұйымдастыруымен «Арена» театрында аталынып өтті. Мерекелік іс-шараға университет қабырғасында көп жылдар бойы қызмет істеген ардагер оқытушылар мен қызметкерлер арнайы шақырылды.
«Қарттарым- асыл қазынам», «Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар!» атты тақырыпта аталынып өткен іс-шара барысында университет әкімшілігі, студенттік ұйымдар активистері және өнерлі студенттердің қатысуымен «Ұстазыма» ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, концерттік бағдарлама көрсетілді.
Концерт соңында ҚазҰМУ жергілікті жұмысшылары кәсіподағының ұйымдастыруымен ардагерлер мен оқытушыларға мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды. Жиын соңында ардагер ұстаздарымыз ҚазҰМУ ұжымына зор ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Бүгінде еңбек демалысында жүрген ардагерлерге құрмет көрсетудің өзі қарттардың көңіліне ерекше серпіліс беретіні сөзссіз. Адами игі құндылықтардың бірі осы үлкендерге құрмет көрсету болып табылады.