«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы
Оқытушы-профессорлық құрамды «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысуға шақырамыз!
Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы аталуға құқығы бар грант 2005 жылдан бастап Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жыл сайын тағайындалады. 10 жыл ішінде 125 оқу орнынан 2000 оқытушы, ал 2015 жылы еліміздің 61 жоғары оқу орнынан 200 адам грант иегері атанды. Оның ішінде, 42 % ғылым доктарын, 53,5% профессорды, 4% PhD докторын құрайды.
Аталған грант оқытушыларға Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Италияның, Испанияның, Бельгияның, Польшаның, Чехияның, Венгрияның, Швецияның, Австрияның, Болгарияның, Литваның, Латвияның жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
Конкурс нәтижесі бойынша грант иегерлеріне куәлік және тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы ҚР Заңымен белгіленген 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант төленеді. Республикалық бюджетте 2016 жылға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2015» грантын төлеуге 848 млн. 400 мың теңге қарастырылған.
Сондай-ақ грант иегерлері жыл бойы ғылыми зерттеу тақырыбы мен оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша халықаралық, республикалық ғылыми конференциялардың, симпозиумдардың, конгрестердің жұмыстарына қатыса алады. (http://edu.gov.kz/kz/news/zhoo/zhogari-oku-orninin-uzdik-okitushisi-2015)
Қажетті ақпаратты www.edu.gov.kz сілтемесі арқылы табуға болады.