ҚазҰМУ-да «100 Hours to Collaterals 2016» онлайн-конференциясы өтті
3-ші Халықаралық «Collaterals to the Brain» 2016 симпозиумының шеңберінде 2016 жылдың 10˗шы қарашасы күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ˗нің Кіші Конференция залында «100 Hours to Collaterals 2016» онлайн-конференциясы өтті.
Шараның ұйымдастырушылары: «Neuroscience» ИҒМ, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ˗дың неврология және нейрохирургия кафедрасы, Лос-Анджелес Калифорниялық Университеті, American Association of Neuroimaging және World Stroke organization ұйымдары болып табылады.
Шараға атсалысқан қатысушылар: клиниалық жұмыс бойынша проректор Доскалиев А.Ж., профессор Каменова С.У., кафедраның қызметкерлері мен оқытушылары, Алматы қаласының ДСБ бас маманы Ибрагимов М.М., ЖМЖА˗ның нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі Аяганова Л.Б., резиденттер, магистранттар мен докторанттар.
Аталмыш шараға 25 мемлекеттің неврологтары мн нейрохирургтары қатысты: Аргентина, Армения, Аустралия, Бразилия, Канада, Чили, Қытай, Франция, Үндістан, Израиль, Жапония, Германия, Греция, Корея, Монғолия, Нидерланды, Швейцария, Ресей, Испания, АҚШ және т.б.
Нақты уақыт тәртібінде біздің әріптестеріміз ишемиялық инсульт дамуының заманауи механизмінің концепцияларын, сонымен қатар диагностикалау мен емдеудің инновациялық әдістерін талқылады.
Қазақстандық неврологтар мен нейрохирургтар осындай шараға алғаш рет қатысып отырғанын айта кеткен жөн.