ҚазҰМУ-дағы кәсіби-бағдар беру жұмысы
ҚазҰМУ Оқушылар сарайында өткен қалалық кәсіби бағдар беру форумында:
2016 жылдың 9 желтоқсанында Оқушылар сарайында Алматы қаласының Бостандық және Наурызбай аудандарының жалпы білім беру мектептерінің жоғары сынып білім алушыларына арналған Алматы қаласы Білім басқармасымен, Республикалық «Современное образование» журналы редакциясымен және ҚазҰМУ-дың бірлесе ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті.
Болашақ талапкерлерген арналған ЖОО көрмелері және кәсіби бағдар беру форумдары сияқты іс-шаралар жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына таңдайтын мамандықтары туралы барлық қажетті ақпаратты білуіне, университет өкілдеріне сұрақ қойып, толыққанды жауап алуына мүмкіндік туғызады.
Университеттің Республикалық «Современное образование» журналының редакциясымен бірлескен жұмысы аясында ҚазҰМУ оқытушылары кәсіби бағдар беру іс-шарасына белсенді түрде қатысып, Бостандық және Наурызбай аудандарының жалпы білім беру мектептерінің арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушылар сарайының фойесінде жетекші жоғары оқу орындарының көрмесі ұйымдастырылып, талапкерлерге ақпараттық материалдар таратылды. Форум қатысушыларына «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» фильмі көрсетілді.
Оқытушылар іс-шара бағдарламасына сәйкес мектеп оқушыларына ЖОО-ның мамандықтары мен маман дайындау бағыттары туралы баяндап берді. «Фармацияны басқару және экономика курсы, клиникалық фармация, фармхимия курсы, химиялық-токсикологиялық пәндер курсы, фармакогнозия курсы бар фармацевтикалық пәндер» кафедрасының доценті, фарм.ғ.к., Ғ.М.Саякова «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультеті туралы баяндама жасады, кейін Ғалия Мырзағалиқызы балалардың Университет туралы, факультеттер мен мамандықтар жайлы қойған сұрақтарына жауап берді. «АИТВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау курсы бар Эпидемиология» кафедрасының оқытушысы Л.Ж.Темирбаева «Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, мейірбике ісі және менеджмент» факультеті туралы ақпарат берді. «Технологиялық пәндер, инженерлік пәндер курсы бар дәрілік заттар технологиясы» кафедрасының оқытушысы Т.В.Талгаева оқушылар мен ұстаздарға ҚазҰМУ-да мамандарды дайындау бағыттары туралы кеңес берді, сонымен қатар форум қонақтарына Университет жөнінде ақпараттық материалдар ұсынылды.
Форумға келген оқушылар мен олардың ұстаздары ҚазҰМУ басшылығы мен оқытушыларына ҚР бірінші медициналық ЖОО туралы толық мағлұмат алуына мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдірді.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы