ALA FORUM HEPATOLOGY – II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Бауыр ауруларын пәнаралық басқару»
2026 жылғы 24 сәуірде С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Ішкі аурулар» кафедрасы Алматы гастроэнтерологтарының ғылыми-тәжірибелік қоғамы ҚБ-мен бірлесіп «Бауыр ауруларын пәнаралық басқару» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – медициналық ғылым мен тәжірибенің заманауи жетістіктері, дәлелді медицина қағидаттары және мультидисциплинарлық тәсіл негізінде бауыр және гепатобилиарлық жүйе аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру.
Конференцияның ғылыми ұйымдастырушысы: Славко Елена Алексеевна — м.ғ.к., НАО «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ішкі аурулар кафедрасының профессоры.
Конференция бағдарламасына пленарлық сессия және келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстар кіреді:
– бауыр аурулары кезіндегі жүктілікті жүргізу;
– бауыр және метаболикалық синдром;
– инфекциялық аурулар кезіндегі бауырдың зақымдануы;
– бауыр және асқазан-ішек жолы ауруларының заманауи зертханалық диагностикасы.
Конференцияда баяндамашы ретінде жетекші отандық мамандар, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Үндістан ғалымдары сөз сөйлейді.
Конференцияға гастроэнтеролог дәрігерлер, гепатологтар, инфекционистер, жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, эндокринологтар, хирургтар, онкологтар, эндоскопистер, сәулелік диагностика мамандары, акушер-гинекологтар, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың және медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері шақырылады.
Конференция аясында «Асқазан-ішек жолы аурулары бар пациенттерді диагностикалау және емдеудегі инновациялар» тақырыбында постерлік баяндамалар конкурсы өткізіледі. Конкурсқа практикалық дәрігерлер, медициналық ЖОО оқытушылары мен ғылыми мекемелер қызметкерлері, интернатура, резидентура, магистратура және PhD докторантурада білім алушылар қатыса алады.
Қатысушылардың жоспарланған саны:
– офлайн форматта – 200 адамға дейін;
– онлайн форматта – 1500 адамға дейін.
Өтетін орны: Алматы қ., Сәтпаев көшесі 29/6, Rahat Palace Hotel, «Бал залы».
Конференция форматы: гибридті (офлайн/онлайн).
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға тіркелу тәртібі және постерлік баяндамаларды рәсімдеу талаптары https://medical-1.kz сайтында орналастырылған.


