Masters FEST жеңіл атлетика жарысындағы ҚазҰМУ құрамасының жарқын жеңісі
2026 жылғы 4 қазанда Алматы қаласындағы Спорттық-жаттығу кешенінде (Абай даңғылы, 159) «Masters FEST» жеңіл атлетика жарысы өтті.
Спорттық бәсекенің бағдарламасына 100 м, 400 м, 1500 м қашықтықтарға жүгіру, сондай-ақ 2 ер және 2 әйел спортшыдан құралған 4×100 м аралас эстафета кірді. Жарыс ережесі бойынша қатысушылар бір немесе бірнеше қашықтықта, сондай-ақ эстафетада бақ сынауға мүмкіндік алды.
Аталған жарыста С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің намысын оқытушылар құрамы мен студенттерден құралған құрама команда абыроймен қорғап шықты:
- 4×100 м аралас эстафетада университетіміздің оқытушылары қаттысты:
- Сулейменов Салыбек Куанышбекович
- Сулейменова Бибикуль Салыбековна
- Тусупбекова Сандугаш Кайратовна
- Маршалхан Аят
- Жеке қашықтықтарда жарқырай көрінген 4-курс студенті Зеленцова Арина (М23-076 тобы) үздік нәтиже көрсетіп, жүлдегер атанды:
- 1500 метр қашықтықта — 1-орын!
- 400 метр қашықтықта — 2-орын!
Бұл жарыс — тек жоғары спорттық нәтиже емес, сонымен бірге денсаулықты нығайтуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және әртүрлі буын өкілдерін біріктіруге жол ашатын айтулы оқиға болды.
Университетіміздің құрама командасын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп, бастамаларыңыз табысты болсын!









