Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыда балалар жұқпалы аурулары бойынша құзыреттілік орталығы ашылды
2026 жылғы 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күні, Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында Балалар жұқпалы аурулары бойынша құзыреттілік орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Шараға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Пәшімов, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор А.Қ. Қатарбаев, Алматы қаласы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Е.Б. Сералин, медициналық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.
Марат Пәшімов іс-шараны аша отырып, жаңа Құзыреттілік орталығы кәсіби тәжірибе алмасудың, заманауи медициналық технологияларды енгізудің және балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды алаңына айналатынын атап өтті.
Құзыреттілік орталығын құру балалар жұқпалы аурулар қызметін жетілдіруге, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ балалар денсаулығын сақтау саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.







