ALA HEPATO FORUM 2026 – «Бауыр ауруларын мультидисциплинарлық басқару» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2026 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласында «Бауыр ауруларын мультидисциплинарлық басқару» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Форумды ұйымдастыру бастамашысы Алматы гастроэнтерологтарының ғылыми-тәжірибелік қоғамы болды, іс-шара С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өтті.
Пленарлық отырыста құттықтау сөзбен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Иманғалиева Л.Т. және Алматы гастроэнтерологтарының ғылыми-тәжірибелік қоғамының президенті, профессор Искаков Б.С. сөз сөйледі.
Отандық және шетелдік жетекші ғалымдар бауыр аурулары бар жүкті әйелдерді жүргізу тәжірибесімен бөлісті, инфекциялық патология кезіндегі бауыр зақымдануы, заманауи зертханалық және аспаптық диагностика, бауыр және асқазан-ішек жолы аурулары бар науқастарды емдеу мен алдын алу стратегиялары, сондай-ақ бауыр ауруының терминалдық сатысындағы науқастарды трансплантацияға дайындау мәселелері қарастырылды.
Жеке секцияда кардио-рено-гепато-метаболикалық синдромы бар науқастарды патогенезі, диагностикасы, алдын алу және емдеу бойынша заманауи тәсілдер мультидисциплинарлық топ (кардиолог, терапевт, эндокринолог, гепатолог) тұрғысынан талқыланды.
Конференция жұмысына Қазақстанның жетекші ғалымдары және Ресей мен Үндістаннан келген шетелдік мамандар қатысты.
Конференцияны ұйымдастыру мен өткізуге С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері белсенді қатысты: профессор Славко Е.А. бағдарламалық комитеттің ғылыми жетекшісі болды, спикерлер ретінде профессор Жансарина Г.Х. және қауымдастырылған профессор Капсултанова Д.А. сөз сөйледі.
Конференция аясында жас ғалымдар мен резиденттер арасында «Асқазан-ішек жолы аурулары бар науқастарды диагностикалау және емдеудегі инновациялар» тақырыбында постерлік баяндамалар байқауы өтті. Байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтады. Жүлделі орындарды «Ішкі аурулар» кафедрасының «Терапия» мамандығы бойынша резиденттері, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің резиденттері иеленді.
Конференцияға Алматы қаласы, Алматы облысы және Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен әртүрлі мамандықтағы (жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, гастроэнтерологтар, инфекционистер, хирургтар, эндоскопистер, эндокринологтар) шамамен 200 дәрігер қатысты.
Конференция өткізу медициналық ғылым мен тәжірибенің заманауи жетістіктері, дәлелді медицина қағидаттары және мультидисциплинарлық тәсіл негізінде бауыр және гепатобилиарлық жүйе аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсететін мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етті.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» және №17 «Тұрақты даму үшін әріптестік» басымдықтарын ескере отырып жүзеге асырылды.
Конференция спикерлерінің бейнежазбаларын https://medical-1.kz/ сілтемесі арқылы көруге болады.











