«Тіл-мәдениет пен өркениет көпірі» атты халықаралық дөңгелек үстел
04.09.2026 жылы ЖММ-1, Тілдік пәндер кафедрасы, Тәрбие жұмысы және студенттік бастамалар орталығының ұйымдастыруымен университетіміздің Желтоқсан 37А ғимаратының, «303» дәрісханасында «Қазақстан халқының тілдері күніне» орай «Тіл-мәдениет пен өркениет көпірі» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
(Жауаптылар: Қожахметова Ф.Б., Абдыкадырова А.Р.,Бураханова А.С.)
https://www.instagram.com/p/Dc07q_Wg-tw/
Тілдік пәндер кафедрасының меңгерушсі ф.ғ.к., ҚП, Кубдашева Қарлығаш Баянқұлқызы онлайн қатысушыларды және оқытушыларды «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесімен құттықтап, «Тілдің дамуындағы білім мен ғылымның рөлі» деген тақырыпта баяндама жасады.
Дөңгелек үстелдің қонақтары:
- Осман Қабадайы. Түркия. Қыршехир Ахи Эвран университетінің ҚП, Қыршехир Ахи Эвран университетінің Абай атындағы қазақ тілі, әдебиеті және мәдениеті ғылыми зерттеу орталығының директоры.
- Мехмет Пекжан. Нидерланд Қырым татарлары қауымдастығын төрағасы.
- Аббасова Парвана. «Әзірбайжан қауымдастығы» РҚБ жастар қанатының білім беру бағытының жетекшісі.
Іс-шара барысында тілдің мәдениет пен өркениетті дамытудағы маңызы, білім мен ғылымның тіл дамуындағы рөлі, сондай-ақ тілдік және мәдени құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды.






