«Астана неврологиясы тәуелсіздік жылдарында: ғылым, клиникалық тәжірибе, тәлімгерлік» республикалық конференциясы
4–5 маусым күндері Астанада халықаралық қатысумен өткен «Астана неврологиясы тәуелсіздік жылдарында: ғылым, клиникалық тәжірибе, тәлімгерлік» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға невролог дәрігерлер, ғалымдар, жас мамандар және шетелдік сарапшылар қатысты.
Конференцияны Астана қаласының бас штаттан тыс неврологы Сыздықова Бағыжан Рысбайқызы жетекшілік ететін «Астана неврологтар академиясы» қоғамдық бірлестігі және «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырды.
Конференция қатысушылары Қазақстан тәуелсіздігі жылдарындағы елорда неврологиялық қызметінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін талқылады. Мамандар жаңа технологияларды енгізу, жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеу әдістері, сондай-ақ пациенттерге медициналық көмек көрсетудің заманауи хаттамалары мәселелерін қарастырды.
Конференцияның негізгі баяндамашылары ретінде С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының өкілдері сөз сөйледі:
* Туруспекова Сәуле Тілеубергенқызы — кафедра меңгерушісі;
* Нұрғұжаев Ерқын Смағұлұлы — профессор;
* Алмаханова Клара Қанатқызы — қауымдастырылған профессор.
Сондай-ақ конференция жұмысына кафедра ассистенті Бақытова Нұргүл Бауыржанқызы қатысты.
Бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі ретінде медициналық мектептің қалыптасуына белгілі ғалымдардың қосқан үлесі талқыланды. Қатысушылар медицина ғылымдарының докторы, профессор Жүсіпова Алма Сейдуәлиқызының елорда неврологиясын дамытудағы, клиникалық стандарттарды қалыптастырудағы және еліміздің өңірлері үшін білікті кадрлар даярлаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Өткен кездесу өңірлік медициналық мектептер арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беріп, Қазақстан дәрігерлерінің бірлескен ғылыми-практикалық жұмысының жаңа бағыттарын айқындады.













