Конституция және азаматтық жауапкершілік
2026 жылғы 28 сәуірде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Конституция және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында студенттермен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ азаматтық жауапкершіліктің қоғамдағы маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Кездесу студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.









