Чехияға академиялық ұтқырлықпен
Жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері Казбекова Асем, Рахымбаева Жанар 15-28 наурыз аралығында Чехияда Карлов университетінің базаларында академиялық ұтқырлық бойынша білім алып келдік. Екі апталық бағдарламаның негізінде Чехияның денсаулық сақтау жүйесімен, стандартты емханалырдың құрылысы және АМСК дәрігерінің қызметімен таныстық, эндокринология бойынша дәрістер тындадық, Еуропадағы ең ірі ауруханалардың бірі – FN Motol, Бероундағы реабилитация орталығында, Брно қаласындағы жасушалық терапия клиникасы Cellthera болдық. “Тәжірибелік дәрігер практикасындағы казуистика” лекциясы, Vojta әдісі бойынша емдік реабилитациялау және практикалық дәрігерлермен бірге науқастарды қабылдау бізге ерекше қызықты болды.
Бос уақытымызда Праганың әйгілі жерлеріне кураторымыз Марина Алексеевнамен бірге экскурсияларда болдық, демалыс күні Германияның Дрезден қаласына баруымызға мүмкіндік болды.
Университетіміздің ректоры Ақанов Айқан Ақановқа, жалпы медицина факультетінің деканы Джумашева Рахима Тажибаевнаға және жалпы медицина факультеті мен интернатура деканаттары қызметкерлеріне ризалығымызды білдіреміз.