«Жалпы медицниа» мектебінің 5 курс студенті Солтанай Жәнібек «Үздік студент 2018» төсбелгісімен марапатталды
Еліміздің ең қастерлі мерекесі қарсаңында ел жастары Елбасы кітапханасында бас қосты. Жүздерінен нұр төгілген талантты ізденушілер «Жас қыран» атты студенттер жинағының тұсаукесер рәсіміне қатысты.
«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі және Елбасы кітапханасы ұйымдастырған мәдени шараның басты қонағы – Кеңес Одағының батыры, ҚР генерал-майор Тоқтар Әубәкіров болды.
«Жас қыран» жинағының таныстырылымын қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ашып, жиналған жастарды құттықтады.
Университетіміздің «жалпы медицина» мектебінің 5курс студенті, «Университеттің Студенттік Үкіметінің» экс-төрағасы Солтанай Жәнібек Қазақстанның үздік 50 студенттер қатарына кіріп, оқу барысында білім, ғылым, өнер, спорт саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік студент 2018» төсбелгісімен марапатталып, «Жас қыран» атты студенттер жинағына өмірбаяны енгізілді. Қазақстанның барлық өңірлерінен ЖОО-нан, жалпы саны 5306 студент өтініш білдіріп, үздік 180 студент кітапқа енгізіліп, 50 үздік студент Астана қаласындағы Назарбаев орталығында марапатталған болатын.