Елімізде 16 мыңнан астам ата-ана балаларына екпе салудан бас тартқан
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2019 жылы 16 мыңнан астам адам балаларын вакцинациялаудан бас тартты. Дәрігерлер мұндай ата-аналардың көбейгенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2019 жылдың қорытындысы бойынша, 16998 адам балаларына екпе салудан бас тартты. Біріншіден, бұл бір жасқа дейінгі балалардың ата-аналары (65%). Соңғы жылдары діни себептерден бас тартатындардың саны азайып келеді. Бұрын бұл көрсеткіш 50% -ды құраса, бүгінгі таңда 30% – ға төмендеді «, – дейді ҒТО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг бөлімінің бастығы Айнагүл Қуатбаева.
Оның айтуынша, вакциналаудан бас тарту кейде азаматтардың бұрмаланған ақпаратқа сенуінен де орын алады.