Денсаулық сақтау дайындау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті
2020 жылдың 12 мамырында «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Денсаулық сақтау – дайындау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) кезекті отырысы бейнеконференция форматында өтті.
Отырысқа ОӘБ-ның 70-тен астам мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы білім және ғылым мнистрлігінің, медициналық жоғары оқу орындарының, медициналық факультеттермен ЖОО-ның, Назарбаев Университетінің, Денсаулық сақтау саласындағы республикалық орталықтардың, сондай-ақ медициналық ұлттық орталықтар мен ғылыми институттардың өкілдері қатысты.
Кезекті отырысты ОӘБ төрағасы, Басқарма Төрағасы – «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ ректоры Т. С. Нұрғожин алғы сөзімен ашты.
Отырыста стратегиялық әріптестік шеңберінде үздік халықаралық тәжірибе негізінде МӘМС жағдайында МСАК қызметін жетілдіру, корпоративтік басқару технологияларын тасымалдау бойынша өзекті мәселелер; серіктес университеттермен дайындаудың барлық деңгейінде бірлескен оқыту лекциялары мен семинарларын өткізу мәселелері, сондай-ақ студентке бағытталған оқыту тәсілдері қаралды. Сонымен қатар, медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының ғылыми жарияланымдарының бірегейлігін бағалау ережесі, пандемия жағдайында қорытынды аттестаттау шеңберінде интерндер мен резиденттерді тәуелсіз бағалау форматы, қосымша білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету және бірыңғай медициналық ғылыми-білім беру ақпараттық алаңын қалыптастыру сұрақтары талқыланды.
Мәселелер бойынша баяндамашылар ретінде « «ҚДСЖМ» ҚМУ» ЖШС білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректоры А. А. Кауышева, «ҚазМҮББУ» АҚ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры М. А. Абирова, «ҚРМУ» МЕББМ академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Ш. С. Садықова, «МУА» КЕАҚ ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры М. А. Даулетьярова, «ҰТЕО» РҚБ ұйымдастыру және әкімшілік жұмыс басқармасы бастығының орынбасары О. М. Асан, ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры С. И. Сыдыкова және ОӘБ атқарушы директоры У.И. Ахметов.
Отырыс барысында ОӘБ мүшелері медициналық білім беру және ғылым ұйымдарында қашықтықтан оқыту шеңберінде түлектердің білімін бағалау тәсілдерін, және медициналық қауымдастық үшін бірыңғай ақпараттық алаңды әзірлеуді талқылады