«Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде 1-2 курс студенттері көмектесті» – белгілі нейрохирург ҚазҰМУ студенттерінің еңбексүйгіштігін атап өтті
Дәрігер – ежелден қадірлі мамандық. Бүгінгі таңда ғылым, технология және цифрландыру дәуірінде дәрігердің науқастарды тыңдау, онымен жеке байланыс орнату, салмақты, кәсіби негізделген шешімдер қабылдау қабілетінің маңыздылығы кем емес, мүмкін, тіпті олар нағыз кәсіби маманды сипаттайды.
Дегенмен, өз саласының маманы болу үшін тек жақсы оқып қана қоймай, тікелей ауруханаларда тәжірбие жинақтау қажет.
ҚазҰМУ студенттерімен мотивациялық кездесуде белгілі нейрохирург Ермек Дүйсембеков барлық болашақ дәрігерлерді медициналық мекемелерге жұмысқа барудан және қабылданбаудан қорықпауға шақырды.
«Табанды болу қажет. Онда олар қабыламады, сіз басқасына баруыңыз қажет, тағы қабылдамады, әрі қарай іздей беріңіздер. Ештеңе етпейді. Тоқтамау керек, қол жеткізу керек. Сосын сіз тығырықа тіреліп, бұрылып, кетіп қалдыңыз. Мұндай жағдайды болдырмау, берілмеу, күресу қажет. Сізді ешкім шақырмайды, қымбаттым, міне, біз сізге бәрін береміз, міне скальпель. Бұған әрі лайықты болу қажет. Тек лайықты болу емес, соған жету қажет», – деп атап өтті нейрохирург.
Сонымен қатар, нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі ҚазҰМУ студенттерінің еңбексүйгіштігін атап өтті, олар қауіп-қатерге қарамастан, бірнеше күн бойы террористердің ортасында болған #7 Алматы ҚКА бөлімшелерінде дәрігерлерге белсенді түрде көмектесті.
«Бізде ауыр жарақат алған науқастар бар, үйсіз адамдар әкелінеді. Тіпті қаңтар оқиғаларын алсақ, бірінші, екінші курс студенттері көмекке келді. Қазір бізде жұмыс істейтін көптеген мамандар студенттер болған. Олар үнемі көмекке келетін, қабылдау бөлмесінде кезекшілікте болды. Олар мақсаттырақ. Дұрыс мақсат қойып, оған жету қажет», – деді Ермек Дүйсембеков.