«БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2023»
6 сәуірде Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде жыл сайынғы дәстүрлі Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – бұл әлеуетті жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың өте тиімді түрі. Еліміздің барлық өңірлерінен медициналық ұйымдардың 243 өкілі, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ ауруханалар мен емханалардың басшылары қатысады деп жоспарланған.
Түлектер үшін бұл бірден бірнеше қызығушылық танытатын ұйымдарына өзі туралы мәлімет беруге, еңбек нарығын тәжірибеде зерттеуге, әртүрлі ұсыныстарды бағалауға, жас мамандарға арналған түрлі бағдарламалармен танысуға жақсы мүмкіндік.
Бұл орайда, университетті жаңа тәмамдаған дәрігерлерді әлеуметтік және қаржылық қолдауға көптеген қазақстандықтар қызығушылық танытуы мүмкін!
Медициналық университеттердің түлектерін еліміздің өңірлерінде жұмысқа орналасуға ынталандыру үшін қазіргі уақытта облыс әкімдіктері мен аудандық ауруханалардың бюджеттерінен бірқатар қаржылық төлемдер қарастырылған. Мысалы, Қостанай облысының деректері бойынша 2022 жылғы 1 қаңтарға дәрігердің орташа жалақысы 515 мың теңгені құрайды! Ал орта медициналық қызметкерлер үшін 279 мың теңге. Бұған аудандарда жұмысқа орналасатын дәрігерлерге 5 миллион теңге және облыс қалаларында 3,5 миллион теңге біржолғы төлемді қоссаңыз, тағы 1 миллионға жуық ауруханалардың өздері төлеуге, баспана беруге дайын. Сонымен қатар, ел өңірлеріндегі жұмысқа үміткерлер «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 100 АЕК мөлшерінде төлем алады.
2022-2023 оқу жылдарында 2460 маман оқуын тәмамдайды, олардың жартысынан көбі мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алады:
№ р\н | Мамандықтар | Саны | |
1 | Жалпы медицина (ЖТД) | 780 | |
2 | Стоматология | 221 | |
3 | Резидентура | 503 | |
4 | Магистратура | 119 | |
5 | Phd докторантура | 56 | |
6 | Мейірбике ісі | 178 | |
7 | Қоғамдық денсаулық сақтау | 46 | |
8 | Фармация | 85 | |
9 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | 472 | |
Барлығы: | 2460 |
Қазіргі әлемдегі жұмысқа орналасу мәселесі жас мамандар үшін ең өзекті болып табылады. ҚР «Білім туралы» Заңына түлектерді жұмысқа орналастырудың тиімділігін арттыруға айтарлықтай көмектесетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жаңартылған заңға сәйкес түлектер меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында мемлекеттік грантты өтеуге құқығы бар. Жұмыс кезеңі мемлекеттік грантта білім берген жылдар санына тікелей пропорционалды болады.
2020-2022 жылдары «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ түлектерін жұмысқа орналастыру:
2020 жылы – жұмысқа орналасу деңгейі 99,8 % құрады
2021 жылы – жұмысқа орналасу деңгейі 99,5 % құрады
2022 жылы – жұмысқа орналасу деңгейі 99,0% құрады
Биылғы жылы біздің жоғары оқу орны 93 жылдығын барлық бағыттар бойынша үздік жұмыс нәтижелерімен атап өтеді. Бүгінде ҚазҰМУ 7 мектеп пен факультет, 70 кафедра, 4 университеттік клиника, 5 ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар, еліміздің өңірлерінде Орал мен Таразда 2 филиал, Алматы қаласындағы барлық дерлік қалалық және республикалық медициналық ұйымдарда 140 клиникалық база, 89 білім беру бағдарламасы, оның 8-і бірлескен білім бағдарламалары және 3 қос дипломды бағдарлама. Ең ірі Симуляциялық орталық, жаңа анатомиялық зал, сүйек мұражайы, стоматологиядағы практикалық дағдылар орталығы, қазақстандық және халықаралық рейтингтердегі жетекші позициялар, ең бастысы – 15 мыңға жуық студент, олар қабылдау барысында өздерін үздіктердің үздігі деп дәлелдеген, яғни бұл ҰБТ бойынша ең жоғары балл – шамамен 140 балл жинаған білім алушылар.
Өңірлердің жұмыс берушілерінен университетке барлық медициналық және фармацевтикалық мамандықтарға 3450 бос орынға өтінімдер келіп түсті.