ҚазҰМУ түлегі, Парламент Мәжілісінің депутаты резиденттермен кездесті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Қазақстан Халықтық партиясының» мүшесі, ҚазҰМУ түлегі Танашева Гаухар Шаймерденқызы «Өнеге» жобасы аясында университет резиденттерімен кездеск өтті.
Гаухар Шаймерденқызы – ҚазҰМУ-ды 1998 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша бітіріп, кейін кардиология мамандығы бойынша резидентурада оқуын жалғастырды. Гаухар Танашева өзінің еңбек жолын университетте ішкі аурулар кафедрасында ассистент болып бастаған. Ұзақ уақыт бойы фармацевтикалық компанияларда және бизнесте жұмыс істеп, отбасын қатар алып жүрді. Қазір ол Парламенттің 7 шақырылымының депутаты және 11 баланың анасы.
ҚазҰМУ резиденттерімен кездесуде Гаухар Танашева мәжілісте қарапайым қазақстандықтардың өмірін жақсарту, отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын, ал әрбір әлеуметтік блокқа ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Нәтижесінде халық қалаулылары қазақстандықтардың өмірін жақсартуға арналған заңдарға бірқатар түзетулер дайындауда. Мәжілісменнің айтуынша, бұл мақсатқа қол жеткізуде білім беру және медицина салаларына ерекше рөл атқарады.