ҚазҰМУ студенттері «Самарқанд-2020» V Халықаралық медициналық ЖОО студенттері олимпиадасында үздік нәтижелер көрсетті!
2024 жылдың 13-14 желтоқсан күндері микробиология және вирусология кафедрасының студенттері «Самарқанд-2020» V Халықаралық медициналық ЖОО студенттері олимпиадасына қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең — 30 сұрақтан тұратын тестілеу.
Екінші кезең — үш тапсырма: пән бойынша сұрақ, жағдайлық тапсырмаларды шешу және тәжірибелік дағдыларды орындау.
Біздің студенттер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып, құрметті номинацияларға лайық деп танылды.
Жеңімпаздар мен олардың жетістіктері:
Хасенғали Самал (2 курс, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы)
Ғылыми жетекшісі: микробиология және вирусология кафедрасының ассистент профессоры Бейсегұлова Г.Н.
Жүлде: III орын.
Құрымбаева Мерей (2 курс, «Фармация» мамандығы)
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ахметова Г.Д.
Номинация: «Ең ізденімпаз ғалым».
Әшімқұл Аружан (2 курс, «Фармация» мамандығы)
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
Номинация: «Жағдайлық тапсырмаларды үздік шешу».
Олимпиаданың басты жұлдызы Амангелдиева Ақниет (2 курс, «Медицина» мамандығы) атанып, «Абсолюттік чемпион»атағына ие болды! Оның ерекше білімі мен дағдылары барлық қатысушылар арасында ең жоғары бағаға лайық деп танылды. Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор Игисенова А.И.