ҚазҰМУ студенттерімен жас мамандардың міндетті жұмыс өтеуі мәселелері бойынша онлайн-кездесу
2026 жылғы 21 сәуірде Zoom платформасында «Қаржы орталығы» АҚ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінің «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан бітіруші курс студенттерімен онлайн-конференция форматында кездесу өткізді.
Конференция барысында жас мамандардың міндетті жұмыс өтеу мәселелері бойынша, оның ішінде жұмысқа жолдау тәртібі, өтеу мерзімдері, сондай-ақ белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Наурузова Эльмира, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Мансап және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алып, қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірмелер алды.


