ҚазҰМУ-да фармацевтикалық өндіріс технологиясы бағыты бойынша PhD диссертациясы сәтті қорғалды
2026 жылғы 19 мамырда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында 8D07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторант Аида Архатқызы Ғазизованың «Азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) өсімдік шикізатынан дәрілік заттарды алудың фармацевтикалық негіздемесі» тақырыбындағы диссертациясының жария қорғауы өтті.
Ғылыми кеңесшілері:
Акерке Шиынкуловна Амирханова – PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор, «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.);
Гульбарам Омаргазиевна Устенова – фарм.ғ.д., профессор, фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі, «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.).
Шетелдік ғылыми кеңесшісі:
Mehmet Öztürk – PhD, аналитикалық және табиғи қосылыстар химиясы кафедрасының профессоры, Мугла Сыткы Кочман университеті (Түркия, Мугла қ.).
Ресми рецензенттер:
Амиркан Аканович Азембаев– фарм.ғ.к., «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ Директоры (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.);
Карлыгаш Алтынбековна Жапаркулова– PhD, қауымдастырылған профессор, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, фармация Мектебі, биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Инна Ивановна Тернинко – фарм.ғ.д., доцент, фармацевтикалық химия кафедрасының профессоры, Ресей ДСМ «Санкт-Петербург химия-фармацевтикалық университеті» ФМББМ жоғары білім беру мекемесінің Сынақ зертханасының (ДЗ сапасын бақылау орталығы) Басшысы, (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.);
Бауыржан Калжанович Махатов – фарм.ғ.д., профессор, «Үздіксіз кәсіптік дамыту орталығы» ЖШС директоры (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.);
Алма Боранбековна Шукирбекова – фарм.ғ.д, профессор, химиялық және фармацевтикалық өндіріс технологиялары кафедрасы Алматы технологиялық университеті (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.).
Зерттеу нәтижелері бойынша 11 ғылыми еңбек жарияланды, оның ішінде халықаралық журналдардағы мақалалар, патент және пайдалы модель бар.
Диссертациялық кеңестің Төрағасы, фарм.ғ. д., профессор У.М. Датхаев және кеңес мүшелері диссертациялық жұмысты жоғары бағалап, жасырын дауыс беру нәтижесінде Аида Архатқызы Ғазизоваға философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.





