Халықаралық сарапшылар ҚазҰМУ-дағы нутрициология кафедрасының жұмысын жоғары бағалады
Академик Т. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының шақырылған профессорлары — Николас Файнер (Ұлыбритания), семіздікті зерттеу жөніндегі халықаралық серіктестік (IPWSO) және семіздік бойынша жарияланымдар жөніндегі Дүниежүзілік комитеттің президенті, сондай-ақ философия докторы Хуан Хосе Монтойя Минано (PhD, Испания), Мадридтегі Комплутенсе университетінің өкілі, кафедра қызметіне жоғары баға беріп, профессорлық-оқытушылар құрамының кәсібилігін ерекше атап өтті.
Қонақтар «ANaMed Forum New Generation – 2026» халықаралық форумының ұйымдастырылуына ерекше назар аударды. Шетелдік мамандар іс-шараның жоғары деңгейде дайындалғанын, оның халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ғылыми-практикалық маңызын атап өтіп, оң пікірлерін білдірді.





