ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі 100 сұрақ пен жауап
№ | Сұрақтар | Жауаптар |
Халықтың сұрақтары | ||
Ел азаматы ретінде, МӘМС енгізуден мен не аламын?
|
Біріншіден, ҚР аумағында Сіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын толығымен Қор өтейді;
Екіншіден, ТМККК және МӘлМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз; Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынатын, құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған дәрілік заттардың тізбесіне толық қолжетімділік (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген); Төртіншіден, ӘМСҚ-да Сіздің пайдаңызға аударылған жарналар және медициналық ұйымдарда Сізге көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі; Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде менің құқықтарым бұзылған жағдайда Қор арқылы өз құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғау. |
|
1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?
|
Қоғамда жүзеге асырылатын кез-келген қайта құрулардің жағмыды, сондай-ақ теріс жақтары бар. 1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар. Бұл реформаның ең басты нәтижесі денсаулық сақтау субъектілері желісін және экономикадан қосымша қаражат тарту есебінен түгел халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін сақтап қалу болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы балаларға арналған мектепге дейінгі мекемелерді жеке секторға беруге алып келді, оның салдары әлі күнге дейін сезіледі. Одан басқа, 90-жылдардың экономикалық шындығы ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді. 20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржы қиыншылықтарына тап болғаны есімізді, олардың көпшілігі банкроттық жағдайына дейін жеткен, жалақы бойынша үлкен берешек жинаған болатын. Қор жағдайы халықтың белсенді емес санаттары үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге арналған жергілікті атқарушы органдар да қиын жағдайда болғанымен ушықты. Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘМСҚ-қа жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады. |
|
МӘМС енгізу медициналық қызметкерлердің ақшалай «ризашылығын» шешуге қалай көмектеседі?
|
Біріншіден, медицина қызметкерлерінің ақшалай «ризашылығының», яғни қосымша бейресми төлемдердің негізінде, ең алдымен, жалақы төлеудегі теңестіру жатыр.
Бүгінгі күні бір мамандық дәрігерлері білікітілігіне, тәжірибесіне, машықтары мен біліміне қарамастан бірдей жалақы алады. Міндетті әлеуметтіе медициналық сақтандыру жағдайында пациенттердің ризашылығын алған дәрігер өзі көрсететін қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес (немесе адекватты) жалақы алатын болады. Екіншіден, азаматтар жарналарды аудара отырып, өзінің мүмкін болатын емдеуге жатқызылуын немесе емханаға жүгінуін төлейді. Осыған байланысты, жүйеге қатысушылар МӘМС жүйесі белгілеген жарналардан басқа, қосымша төлемдерді жүзеге асырмауға тиіс. Осылайша, медициналық ұйымдардағы бейресми төлемдердің проблемасы өзекті болмайды және біртіндеп жойылады. |
|
Мен үш баланың анасымын, ажырасқанмын, ресми түрде жұмыс істемеймін, алимент алмаймын, қосымша табыстар болып тұрады. МӘМС-пен не істеймін?
|
Біріншіден, сіздің балаларыңыз 18 жасқа толғанға дейін олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет енгізетін болады.
Екіншіден, егер сіз жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі баланы күтуді жүзеге асырсаңыз, бұл кезең үшін мемлекет Сіз үшін де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды жүзеге асыратын болады. Үшіншіден, Сіздің балаларыңыздың жасы 18 жастан асса, медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін: а) Сіз жұмыспен қамту органына хабарласуыңыз керек, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін жарналар төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады. б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеле аласыз және Медициналық сақтандыру қорына, сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналарды жүзеге асыра аласыз. в) айтылған екі нұсқалар ұнамаса, Сіз өзініз екінші деңгейдегі банк арқылы Медициналық сақтандыру қорына ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналарды жүзеге асыра аласыз. |
|
Айтыңызшы, ҚР барлық аумағы бойынша сақтандырылған азаматтарға, мысалы, іссапарға жіберілген, демалыстағы адамдарға медициналық қызметтер көрсетіле ме? Әлде тек тіркелген тұрғылықты орын бойынша ма?
|
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер, сақтандырылған азаматтық орналасқан жерінен тәуелсіз, Қазақстан Республикасының барлық аумағында көрсетіледі.
|
|
Маусымдық жұмыстарда немесе тұрақсыз сипаттағы жұмыстарда істейтін азаматтар үшін олардың табыстары қалай есептеледі?
|
Тұрақсыз табыс кезінде аталған санаттар Медициналық сақтандыру қорына екінші деңгейдегі банктер арқылы ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналар төлей алады. Ағымдағы кезеңде бұл ай сайын457 теңгені құрайды. | |
ҚР-да жұмыс істейтін шетелдіктерге, еңбекші мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі? | Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 2-баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарғамедициналықкөмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Мысалы, Еуразиялық кеңістігі бес елінің аумағында (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь) жедел және кейінгі қалдыруға болмайтын медициналық көмек өтеусіз негізде көрсетіледі.Егер мұндай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ЕМС шеңберінде және ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады. | |
Жұмыссыздарға, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға және елдің экономикалық белсенді емес халқының басқа да санатына медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі? | Салық төлемдерін жүзеге асырмайтын, өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған азаматтардың саны ҚР-да бүгінгі күні 500 мыңнан астам адамды құрайды. Халықтың бұл санаты 2020 жылға дейін жоспарлы емдеуге жатқызуды қоспағанда, медициналық көмектің түгел пакетін, яғни адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін жай-күй кезінде алады,
Сонымен бірге, халықтың бұл санатына мынадай мүмкіндіктер беріледі: а) Сіз жұмыспен қамту органына хабарласуыңыз керек, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін жарналар төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады. б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеле аласыз және Медициналық сақтандыру қорына, сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналарды жүзеге асыра аласыз. в) айтылған екі нұсқалар ұнамаса, Сіз өзініз екінші деңгейдегі банк арқылы Медициналық сақтандыру қорына ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналарды жүзеге асыра аласыз. |
|
МӘМС кезінде төлеушінің өлімі жағдайында жиналған қаражатты туыстарына беру көзделген бе? | Көзделмеген, әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе болып табылмайды. Әрбір төлемші жарналарының сомасынан тәуелсіз, барлық халық санаттары медициналық қызметтерге бірдей қолжетімділікке ие болмақ. | |
МӘлМС шеңберінде АИТВ-инфекциясы: механизмі қандай, сақтандыру тізбесіне кіреді ме, қаржыландыру және т.б. (қаншалықты қозғалады)? | Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізіміне кіретін АИТВ-инфекциясымен байланысты, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде ұсынылады және сақтандыру пакетінің кеңеюіне байланысты Қорға беріледі. | |
Неше жасқа дейінгі балалар ММС жүйесіне енгізетін жарналардан босатылатынын айтыңызшы? | 18 жасқа дейінгі балалар, студенттер және жоғары оқу орындарының түлектері бітіргеннен кейін 6 айға дейін ӘМСҚ-қа төлейтін жарналардан босатылады. | |
МӘМС санаторийлік-курорттық емдеу алуды көздейді ме? | МӘМС-ның медициналық қызметтер пакеті санаторийлік -курорттық емдеуді көздемейді, бірақ сақтандыру қаражаты есебінен бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) бойынша оңалту көмегін кеңейту болжамдалады. | |
Қазақстанның медициналық сақтандыру қорымен аумақтық белгісі бойынша шарт жасаған медициналық ұйымдар туралы қайдан білуге болады? | Медициналық сақтандыру қорының ресми порталында ӘМСҚ-пен келісімшарт жасаған медициналық ұйымдардың тізбесі орналасады, сондай-ақ қордың ақпараттық қызметтерінде ақпарат алуға болады. | |
ӘлМСҚ-пен шартқа отырмаған коммерциялық емхананың дәрігері жазып берген дәрілік заттарға жұмсалған шығыстарды ӘлМСҚ өтей алады ма? | Клиника мен ӘМСҚ арасында шарт жасалған жағдайда, коммерциялық клиниканың дәрігері жазып берген дәрілік заттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шығындарын өтейді. | |
Емханаларда ұйымдастырушылық техника жетіспейді, ал қолданыста бары ескірген, сондықтан анализге рецептті немесе жолдаманы 40 минуттай тосуға тура келеді (осындай жағдай 6 емханаларда бар). Оған қоса қабылдау графигі сақталмайды. Сонымен қатар медициналық персонал екі есептілікті жүргізуге мәжбүр – қағаз және электрондық. Нәтижесінде, тар көлемді маманға жету үшін алдымен терапевт кабинетінің жанында жарты күн тұру керек, одан кейін УДЗ немесе басқа да тексерулерге жету үшін тағы 2-3 апта күту керек. Осындай жағдайларда, ақылы дәрігерге қаражаты жоқ науқастар алтын уақыттарын жоғалтады, ауру келесі кезеңге көшеді. Бұл проблема медициналық сақтандыруға көшкен кезде шешіледі ме? Қалайша? | Біріншіден, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жағдайында медициналық қызметтер көрсету үшін конкурсқа медицина қызметкерлерінің саны және медициналық көмекті ұйымдастыру құрылымы ең төменгі белгіленген талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана қатыса алады.
Екіншіден, конкурста сапалы медициналық көмек көрсете алатын ұйымдар ғана жеңе алады. Ауылдық денсаулық сақтауға қатысты, оларға бірыңғай қызметтер беруші ретінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жыл сайынғы арттыру талаптары қойылады. Үшіншіден, ауруханалар мен емханаларда 2018 жылдан бастап техникалық жарақтандыру мүмкіндігі болады, өйткені осы жылдан бастап оларға амортизациялық аударымдарға қаражат бөлінетін болады. Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі таңда E-GOV арқылы қабылдауға жазылуға мүмкіндік береді. Ал МӘМС енгізуге қарай барлық ұйымдар МӘМС-тің ИТ қолжетімділігі болуы қажет. |
|
Медициналық сақтандыру дәрігер жазып берген дәрілерге жұмсалған шығынның орнын толтырады ма және қандай ауруларды 100%-дық өтеу қамтамасыз етеді? | Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсынылатын тегін дәрілік заттардың тізімін айқандады. МӘМС пакеті шеңберінде осы тізбе тек сақталып қана қоймай, сондай-ақ бірқатар позициялар бойынша кеңейтіледі және жақсартылады. | |
ММС жүйесінде сақтандырылған адам республикадан тыс жерде тегін емделе алады ма? | Жоқ. Медициналық сақтандыру қоры тек Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық қызметтер ғана ақы төлейді. | |
Жұмыс беруші ӘлМСҚ-қа мен үшін жарна төлейтіні туралы өз бетінше қалай білуіме болады? | Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз болса, онда Сіз, Медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру жарналарының аударылуы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке электрондық поштаңызға ала аласыз немесе жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, Қорға ресми түрде сұрау жібере аласыз.
Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз болмаса, онда Медициналық сақтандыру қорындағы жарналар туралы емханаға, МЗТО, ХҚҚО, аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына хабарласып білуге болады. |
|
Егер мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға жатсам, менде уақытша табыстар болса және мен жұмыссыз ретінде тіркелмеген болсам, онда мен ӘлМСҚ-қа жарналар аударуға тиіспін бе, егер ия болса, онда қайдан және қанша пайыз аудару керек? | Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатсаңыз, онда 2020 жылға дейін Сізге жоспарлық емдеуге жатқызудан басқа, медициналық көмектің барлық пакеті ұсынылады. Біз Сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді және мәлімдеген табыстан жарналар төлеуге, екінші – жұмысқа орналасу немесе жұмыссыз мәртебесін алу үшін жұмыспен қамту органдарына жүгінуді ұсынамыз, үшінші – сондай-ақ дербес екінші деңгейдегі банктер арқылы ӘлМСҚ-қа МЖА-ның 2%-ы көлемінде жарналар төлеуге болады. | |
Жұмыс орнын ауыстыру кезінде, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін менде 1-2 ай үзіліс болды, МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер пакеті жұмыс істейді ме? | Ұсынылатын нормалар бойынша соңғы жарна жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде МӘлМС-те медициналық көмекке құқық сақталады, сонымен бірге 3 айға жасалатын жарналарды төлеу міндеттемесі (қарыз) сақталады | |
Жеке зертханаға жүгінген кезде медициналық сақтандыру қоры менің анализ тапсыруға жұмсалған шығыстарымды төлейді ме? | Қор зертхананың қызметтерін тікелей төлемейді. Бірақ, егер сіз қормен шарт жасалған емхананың жолдамасы бойынша зертханаға жүгінсеңіз, олар Сізге тегін болады. | |
Адам сақтандырылғаны туралы қалай білуге болады? | Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңнамаға сәйкес жұмыс беруші ай сайын, келесі есепті айдың 15-күнінен кешіктірмей Сізге есептелген (ұсталған) және аударылған жарналар және (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, бұл ақпаратты портал арқылы және Қордың филиалдарынан, МЗТО, ХҚҚО, e-gov порталында және Сіз бекітілген емханаларда тексеруге болады. | |
Қай уақыттан бастап адам МӘлМС жүйесінде сақтандырылған болып есептеледі – еңбек шартын жасаған кезде ме, әлде жұмыс беруші бірінші жарнаны аударған кезінде ме? | Медициналық сақтандыру қорына жарнаны аударған сәттен бастап. | |
Ерікті медициналық сақтандыру сақталады ма? Қызметтер МӘлМС-кенемесе ҚМС-ке қосарланады ма? | Ерікті медициналық сақтандыру жойылмайды. МӘМС пакетіне кірмейтін жекелеген медициналық қызмет түрлері ЕМС арқылы төленеді, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті мерзімді қаралу, санаторийлік-курорттық емдеулер және т.б. Барлығы жеке адамның немесе кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Жеке тұлға немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт негізінде) МӘМС пакетіндегі қызметтерді қайталамайтын ЕМС қызметтер пакетін таңдай алады. | |
Науқас емханаға процедура кабинетіне, емдейтін дәрігер белгілеген процедураларды орындау үшін шприцтарды өз есебінен сатып алып, өзімен бірге әкелуге міндетті ме? | Жоқ, Егер Сіз медициналық көмекті ТМККК және МӘМС шеңберінде алсаңыз, олар медициналық ұйымда болуға тиіс. | |
Мысалы, адам үшін мемлекет жарна төледі, одан кейін ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатына көшеді. Үзілістер немесе екі еселік сақтандыру болмайды ма? | Қосарланған сақтандыру мүмкін емес, өйткені, Сіз мәртебені ауыстырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кезде, бұл ақпарат салық органдарында көрінеді және медициналық сақтандыру қорына түседі. Егер Сіз жұмыссыз болып, одан кейін мәртебеңізді ауыстырсаңыз, онда сәйкесінше мемлекет жарналарды төлеуді тоқтатады. | |
Азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек қалай көрсетіледі? | Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерге жауапты. Заңның ұсынылатын нормаларына сәйкес:
жұмыс істемейтін оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне бір жылдың ішінде мемлекет жарналарының есебінен («оралман» мәртебесі 1 жылға беріледі, егер ол осы кезең ішінде азаматтық алмаса, ол «шетелдік» болып есептеледі); ҚР аумағында тұрақты тұратын, жұмыс істемейтін шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне ҚР азаматтарымен бірдей; жұмыс істейтін шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне жалпы негіздерде. |
|
Сақтандыру бойынша көрсетілетін медициналық көмекке егулер жатады ма? | Профилактикалық егулер барлық ел азаматтарына арналған мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтердің базалық пакетіне кіреді (ТМККК). | |
Жұмыссыздарға медициналық сақтандыру алу үшін жұмыссыз мәртебесін алуға тиіс деп айтады. Бірақ, егер ауылда жарамды жұмыс болмаса және ЖК ашуға да табыс жетпесе, тек 2-3 сиыр мен бақша ғана болса, онда қалай болғаны. Яғни, ертең бізге медициналық көмек көрсетуден бас тартылады ма? | Сізге көмек беруден бас тартылмайды, өйткені барлық азаматтар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бар. Бұл жедел-жәрдем көмек және санитариялық авиация; әлеуметтік мәні бар аурулар және шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; профилактикалық егулер; амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етумен амбулаторлық-емханалық көмек (2020 жылға дейін). Егер Сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелсеңіз, онда мәлімдеген табыстан жарналар төлейсіз, егер тұрақсыз табысқа ие болсаңыз, онда ағымдағы кезеңге ең төменгі жалақының төлемінен жарналар төлейсіз. | |
Емдеуге жатқызуға төлем қалай жүргізіледі? | Шұғыл жағдайларда 1 тәулікке дейінгі емдеуге жатқызу, азамат сақтандырылған немесе сақтандырылмаған екеніне тәуелсіз төленеді. Сосын, бір тәулік өткеннен кейін емдеуге жатқызу жоспарлы болып саналады, оған сақтандырылғандарға және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандарға ғана төлем жүргізіледі (2020 жылға дейін).
|
|
Мынадай жағдайда қалай болады? Жұмыссыз ретінде тіркелмеген, бірақ қазіргі кезде арнамалы ауру бойынша туберкулез диспансерінде орналасқан, ЖММК кардиохирургия бойынша жылдам емделуге қажетсінуде. | Әлеуметтік мәні бар аурулар 2024 жылға дейін кезең-кезеңмен МӘМС пакетіне беріледі. Туберкулезбен ауырған адамдарға ЖММК көрсету мемлекет есебінен көзделеді. | |
Жұмыс беруші аударатын жарналар жұмыскердің жалақысына байланысты ма? | Иә, жарналар табысқа мөлшерлес. ӘМСҚ-қа жарналар жүргізілетін Кәсіпорын еңбектеріне ақы төлеу қоры жұмыскерлердің жалақысынан қалыптасатынын атап кеткен жөн. | |
МӘлМС-ке жарналар аудару есептелген жалақыдан немесе салық ұсталып қалған (зейнетақы; табыс) жалақыдан төленеді ме? | Жарналарды аудару зейнетақы аударымдарын шегергеннен кейін және табыс салығын шегергенге дейін жүргізіледі. | |
Кез келген стационарға немесе емханаға (оның ішінде жеке) тіркеусіз немесе жолдамасыз хабарласуға болады ма? | Болады. Емхананы өзіңіз таңдап және осы емханада медициналық көмек аласыз. Емдеуге жатқызу дәрігердің жолдамасы бойынша және таңдалған стационарда жүзеге асырылады.
Шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек бекітусіз және жолдаумыз көрсетілетін болады. МӘМС пакетінің шеңберіндегі медициналық қызметтер аумақтық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының түгел аумағында көрсетіледі. Бұл ретте медициналық ұйым мен Медициналық сақтандыру қорының арасында жасалған шарт жалғыз шарт болып табылады.
|
|
Егер қолданыстағы жүйе жап-жақсы жұмыс істесе, онда бізге міндетті сақтандырудың қажеті неде? | 1. Медициналық ұйымдардың арасында пациенттерді тарту үшін бәсекелестіктің болмауы.
Қолданыстағы жүйеде мемлекет бірыңғай қызметтер беруші ретінде болмақ, ол медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдардың арасында қаражатты біркелкі бөледі. Бұл ретте, біркелкі бөлу практикада бір бейіндегі және бірдей өткізу қуаты бар медициналық ұйымдар олар көрсететін медициналық көмектің сапасына қарамастан қаржыландырудың бірдей көлемін алады. Бүгінгі таңда медициналық ұйымның мақсаты пациенттердің жоғары санын тарту үшін сапа бәсекелестігі емес, барынша артық қаражат алу болып табылады. 2. Ақы төлеудегі теңестіру және бейресми төлемдердің өсімі. Қаражатты біркелкі бөлудің салдары болып табылатын келесі мәселе – медицина қызметкерлеріне, ең алдымен дәрігерлерге жалақы төлеудегі теңестіру. Дәрігердің тәжірибесіне, біліміне және машықтарына қарамастан барлық мамандарға бірдей жалақы ұсынылады. Осыған байланысты, пациенттер таңдайтын көптеген дәрігерлер жеке құрылымдарға ауысып немесе жеке кабинеттер ашуда. Үздік дәрігерді іздестіру, оған жүгіну бейресми төлемдердің өсуіне алып келді. 3. Әлеуметтік патернализменен бас тарту. Біздің қоғамда әлеуметтік патернализм сақталуда, бұл медицина азаматтардың кемінде 80%-ын қамтамасыз етуі және денсаулығын қамтамасыз ете алады. Ал практикада азаматтардың кемінде 20% денсаулығы медицинаға тәуелді, ал қалғаны – өмір салтына және қоршаған ортасына және генетикасына байланысты. Осындай жүйе дайын және тиісті жаңғыртуды талап етеді. Әлемдегі осындай тиімді моделдердің бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі болып табылады. Оның негізгі қағидаттары: а) халыққа медициналық көмек көрсететіндерді қаржыландыру, бұл жалпы медициналық қызметтердің нарығын дамытатын болады; б) сапалы медициналық қызметтер көрсететіндерге көбірек төлеу; в) мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың өзі арасында жауапкершілікті бөлу. |
|
Медициналық сақтандыруды енгізу бойынша қандай елдер бізге үлгі болады және нәтижесінде Германия немесе Корея сияқты медицина бізде де болады ма? | МӘМС енгізудің жеке тәжірибесі, денсаулық сақтау жүйесі ұқсас елдерде (шамамен 30 ел, оның ішінде Германия, Ресей, Шығыс Еуропа елдері) әлеуметтік сақтандыру мәселесімен тікелей айналысатын Дүниежүзілік Банктің мамандарын және тәуелсіз халықаралық сарапшыларды тартумен қолданыстағы халықаралық практика зерделенді. Мұқият талдаудың негізінде МӘлМС-тың жеке үлгісі әзірленді, ол қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, қазақстандық реалияларға жауап береді. Біз жоғары сапалы медициналық көмек ұсынылатын әлемнің дамыған елдер санына кіруге тырысудамыз | |
Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін жарналар төлеген кезде қандай да бір жеңілдіктер болады ма? | Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін жарналар төлеген кезде жеңілдіктер қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң барлық жұмыс істейтін халық үшін жарналардың бірыңғай көлемін орнатты. Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің жарналары: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы көлемінде орнатылады | |
Медициналық сақтандыру қорында экономикалық ахуалдың төмендеу жағдайына резервтерді қалыптастырудың дағдарысқа қарсы сценарийі бар ма? | Бұл сияқты макроэкономикалық ауытқуларды өтеу үшін мынадай шаралар қарастырылған:
Қор активтерінің 3 %-ына дейінгі көлемде резервтерді қалыптастыру; ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы орташа айлық жалақыдан мемлекет міндеттемелерін белгілеу арқылы макроэкономикалық деңгейлестіру құралдары (дағдарыс кезеңдерінде бұл бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қамтамасыз етеді); халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша мемлекет тарапынан кешенді іс-шаралар, кірістерді заңдастыру, халықты ақпараттандыру және т.б.
|
|
Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражатын әр түрлі қатерлерден, бірінші орында инфляциядан қорғау қарастырылған ба? | МӘлМС туралы заңнамаға сәйкес, ӘлМС қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар қарастырылған. Бұл резервтерді қалыптастыру, төмендетілмейтін айлық қалдықтың болуы, табыс пен шығыстарды адекватты жоспарлау және елдің экономикасында болып жатқан өзгерістерге уақтылы әрекеттесу.
Одан басқа, халыққа медициналық көмек медицина ұйымдарының шығындарын үнемі қаржыландыруды талап етеді, сондықтан барлық келіп түскен қаражат сол айда осы шығыстарды өтеуге жұмсалады. Мүмкін шағын ауыспалы қалдықтар болады, олар медициналық қызметтерді пайдалану жағдайында шығындалады |
|
Мен МӘлМС шеңберінде көрсетілген қызметтер бойынша ақпаратты қадағалай аламын ба? | Электрондық денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азаматқа логин және құпиясөз арқылы жеке кабинетке қолжетімділік ашық болады, онда көрсетілген медициналық қызметтер, олардың құны туралы ақпаратты қадағалауға болады, сондай-ақ ол жерде емделу барысы, диагностика, анализ нәтижелері және т.б. туралы мәлімет орналасады | |
Қордың шығындары бойынша ақпарат халық үшін қаншалықты айқын болады? | Қазіргі таңда, жаңа модельде қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі қарастырылған. ӘлМСҚ қызметінің айқындылығы мыналар арқылы жүзеге асырылады:
жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті мониторингі; көрсетілген медициналық қызметтердің күнделікті мониторингі; қаражатты пайдалану туралы стандартты есепті уәкілетті органға ұсыну (ДСӘДМ, ҚМ, Үкіметке, Есеп Комитетіне); қоғамға жыл сайын жылдық есепті жариялау (қысқаша газеттерде, толық вебсайтта және жеке БАҚ басылымдарда) ӘлМСҚ-ның стратегиялық құжаттары (5 жылға даму стратегиясы, қысқа мерзімдік кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орналасатын ӘлМСҚ вебсайтын жүргізу |
|
Өзімен бірге сақтандыруды (карточка) үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік жеткілікті болады ма? | Өз ЖСН білу жеткілікті немесе өзімен бірге жеке басын куәландыратынқұжат болуы тиіс | |
МӘлМС енгізу азаматтардан төлемдерді талап ету арқылы жемқорлықтың өсімін тудырмайды ма? | Біз жемқорлықтан кетудеміз. Адам ай сайын МӘлМС-ке жарналар төлейді және міндетті түрде, медициналық ұйымдар тарапынан қандайда бір қосымша шарттарсыз МӘлМС пакеті қарастырған көлемде қажетті медициналық көмекті алады. Ал Қор сіздің құқықтар мен мүдделеріңізді қорғайды.
Ал егер азамат ТМККК және МӘлМС пакетіне кірмейтін медициналық көмек алғысы келсе, онда ол өз қалтасынан немесе ерікті медициналық сақтандыру арқылы төлей алады |
|
Жақында әкемізге есту аппаратын сатып алдық. МӘлМС шеңберінде өз бетінше сатып алынған техникалық оңалту құралдарына жұмсалған шығынның көлемін қалай анықтайтынын білгіміз келеді? | Өз бетінше сатып алынған техникалық құралдар төленбейді, егер бұл оңалту шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтердің бөлігі болса, онда олар МӘлМС пакетіне кіре алады | |
Стоматологиялық қызметтер міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кіреді ме? Ия болса, қашан? | Жоқ, аталған қызметтер әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кірмейді. ТМККК шеңберінде стоматологиялық қызметтер жүкті әйелдер мен балаларға қалады | |
Егер дәрігерлер, стационарда жоқ болғандықтан дәрілерді өзіңізге сатып алуды ұсынса, онда ММС жұмсалған ақшаны қай жағдайда қайтарады және дәрігерлер бұл туралы науқасты ақпараттандыруға міндетті ме? | Стационарлық көмек толықтай МӘлМС пакетіне кіреді және тегін ұсынылады. Егер пациент дәрілік препараттарды өз бетінше сатып алса, онда аурухана дәрігердің жолдамасын ұсыну бойынша дәрілердің құнын өтеуге тиіс. Қорға жүгінген кезде бұл жағдайлар тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады | |
Медициналық сақтандыру қорына жұмыс істейтін зейнеткерлер жарналар төлейді ме? | Егер зейнеткер жалдамалы жұмыскер бола, онда оның жұмыс берушісі жарналарды төлеуден босатылады, ол үшін мемлекет төлейді | |
Егер мен соңғы 3 жыл ішінде медициналық көмекке жүгінбесем, онда жарналар сомасы жиналады ма және оларды басқа мақсатқа алуға болады ма? | Жоқ болмайды, өйткені азаматтың жарналары жиналатын жеке шоты болмайды. Бұл зейнетақы немесе жинақтаушы шот емес.
Енгізіліп отырған жүйе міндеттемеге және ортақтастық принциптерінде негізделеді. Жарналар міндетті төлемдер болып табылады және оларды төлеуден ауытқуға ешкімнің құқығы жоқ. Ортақтастық – бірнеше адамдардың арасындағы бір адамда ауру қатері пайда болу мүмкіндігін білдіреді. Бұл жағдайда, барлық түсімдер сол пациентті емдеуге бағытталады. Осындай жағдайлар шарасыз, бүгін барлығы оған, ал ертен ол басқаларына көмектеседі |
|
Бізге МӘМС бойынша ЭКҰ алуға бола ма? Болса, неден бастау қажет?
|
Бұл рәсім мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакетінде қалады (ТМККК). Сондықтан рәсімді кезек тәртібімен өтеуге болады (квоталар), қазіргі таңда бұл қызметті МӘМС пакетіне қосу мәселесі қаралуда.
|
|
Мысалы, егер адам апатқа ұшыраса, оған шұғыл көмек көрсету үшін зардап шеккен адамнда медициналық сақтандыруының болу/болмауын анықтау қажет пе?
|
Жоқ, қажет емес, өйткені шұғыл көмек МӘМС-қа қатысуына қарамастан, барлық азаматтарға көрсетіледі. | |
Жұмысберушілердің сұрақтары | ||
Неліктен мен жұмыс беруші ретінде МӘлМС жүйесіне қатысуым керек? | МӘлМС үш жақтың – мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың жауапкершілігін қарастырады. Жұмыс берушілер сондай-ақ өз жұмыскерлерінің денсаулығы туралы ойлау керек, өйткені денсаулық пен өнімді еңбек ресурстары – кез келген кәсіпорынның табыс кепілі. Сондықтан, МӘлМС қызмет ететін барлық елдерде, жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар төлейді, олардың көлемі еңбекке ақы төлеу қорының 3%-дан 15%-на дейін құрайды | |
Медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі жұмыс берушіге не береді?
|
Біріншіден. Қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты өндірістегі шығынды азайту.
Жыл сайын 2,6 млн. астам қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдейді. Егер күн сайын орта есеппен әрбір қызметкер 12,6 мың теңгеге өнім (немесе қызмет көрсетуді) шығаратын, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны шамамен 370 млрд. теңгені құрайды. Ең жақсы клиникаларда уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өту, сапалы ем және қымбат тұратын арнайы көмек қабылдау жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың уақытша еңбекке жарамсыздық күндерін қысқартуға және осының нәтижесінде жұмыс берушінің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді |
|
МӘлМС-ке жарналар корпоративтік салыққа кіреді ме?
|
Әрбір жұмыс беруші өз жұмыскерлері үшін Қорға кезең бойынша жарналарды жүзеге асырады. Аударым сомалары корпоративтік табыс салығының шегерімдеріне жатады.
Мысалы, егер Сіздің табысыңыз МӘлМС енгізгенге дейін 100 мың теңге, ал шығыстарыңыз 80 мың теңгені құраса (оның ішінде еңбекке ақы төлеу қорына 40 мың теңге), онда Сіздің салық төлеміңіз 4 мың теңгені құрайтын еді. Ал МӘлМС жағдайында салық төлемі 3,8 мың теңгені құрайды, өйткені жарналар жұмыс берушінің шығысына қатысты болады |
|
Мен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріме медициналық ұйымды таңдай аламын ба?
|
Жоқ, таңдай алмайсыз. МӘлМС кезінде медициналық қызметтерді алу үшін жұмыскер медициналық ұйымды өзі таңдайды.
Жұмыс берушінің медициналық ұйымдарды таңдауы ерікті медициналық сақтандыру кезінде жүзеге асырылады |
|
Менің жұмыскерлерім жеке медициналық қорда сақтандырылған, тағы МӘлМС-ке төлеудің керегі неде?
|
Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) кезінде МӘлМС-тің баламасы емес, оның қосымшасы болып табылады.
МӘлМС пакетіне кірмейтін, көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі ЕМС шартында атап айтылады |
|
Менің жұмыскерлерім қымбат жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекті ала алады ма?
|
Мемлекеттің, азаматтардың және жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігі олардан келіп түскен қаражатты ауру кезеңіне сау адамнан ауырып жатқан азаматтарға қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл, жұмыс беруші және жұмыскерлер барлығы жүргізген жарналар көлемінен біраз артық бағалы медициналық көмек алуға жұмыскерлерге мүмкіндік береді | |
Жұмыс беруші өзінің МӘлМС-ке жарналарына бақылауды жүзеге асыра алады ма?
|
Ия, ай сайын Қор, жұмыскерлеріңіздің пайдасында түсетін Сіздің жарналар туралы үзінді көшірмелерді ұсынады (Е-Gov порталы арқылы). Одан басқа, жұмыс беруші:
қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі – қызметтің айқындылығын қамтамасыз ету; кәсіптік қауымдастық мүшесі – стандарттарды қарау мен тарифтерді бекітуге қатысу; бола тұра, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қоғамдық бақылауға қатыса алады |
|
Медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін жарналардың көлемі қандай болуға тиіс?
|
Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз,
онда Сіз ай сайын Қорға – 2017 жылдан бастап сіздің қызметкерлеріңіздің еңбекақы қорынан – 2%, 2018 жылы – 3%, 2019 жылы – 4%, 2020 жылы – 5% сақтандыру аударымдарын жүргізетін боласыз. Қайта үйлестіру сомалары корпоративтік табыс салығынан шегеруге жатқызылады. Сонымен бірге, ай сайын қызметкердің нақты еңбекақысынан 2019 жылы – 1%, ал 2020 жылы – 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Қайта үйлестіру сомалары жеке табыс салығынан шегеруге жатқызылады. САҚТАНДЫРУ АУДАРЫМДАРЫ МЕН ЖАРНАЛАР ҚОРҒА МЫНАДАЙ ТАБЫС ТҮРЛЕРІНЕН ТӨЛЕНБЕЙДІ: қызметтік іссапарларға компенсациялардан және қосалқы сипаттағы жұмыстан; қызметкерлердің егістік жұмыстарынан; бюджет қаражатынан қызметкерлерді жеткізуге, оқуға ақы төлеуге, жәрдемақы және компенсацияға байланысты шығындардан; сауықтыруға арналған жәрдемақы мен демалыс жәрдемақысынан, медициналық қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, минималды жалақы (МЖ) шеңберіне жерлеуге берілген төлемдерден; стипендиядан; сақтандырусыйақыларынан |
|
Жеке кәсіпкерлер, патент бойынша жұмыс істейтін адамдар, шаруа қожалығының жұмыскерлері, базардағы сатушылар жарналарды қалай төлейді? | Жеке кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жарналарын есептеу және төлеу қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы қаражатты тікелей аудару арқылы олардың өздері жүргізеді:
салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданушы дара кәсіпкер – кірістерді төлеу айынан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей; жеке кәсіпкер өз есебіне – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей; 3) арнайы салық режимін қолданушы шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар – Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген тәртіп пен мерзімдерде (жылдың 10 сәуірі мен 10 қарашасы); 4) патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер – патент құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген мерзімде |
|
Жұмыс берушілер, салықтардан құтылып, жұмыскерлердің санын жасырмайды ма?
|
Табысты жасыру және жалақыны «конверттерде» беру қатері бар. Бірақ бұл мәселлерді шешу бойынша шаралар қолданылады. Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электрондық жүйе арқылы жүгінген кезде жұмыс берушінің және жұмыскердің өзінің (2019 жылдан бастап) жарналары, ол үшін қаншалықты уақтылы аударылғаны салыстырылыды (2017 жылдан бастап). Солайша жұмыскер жұмыс берушіден келген түсімдерді бақылай алады. Екіншіден, салық қызметінің органдары ӘлМСҚ-қа жарналар туралы декларация қабылдайды. Солайша қарыздарды бақылау және өндіріп алу жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады |
|
Жұмыскерлер жыл бойы МҰ-ға жүгінбесе, онда төленген жарналарды қайтару жұмыс берушілерге қарастырылған ба?
|
Жоқ, қарастырылмаған. Жұмыскерлері жыл бойы МҰ-ға жүгінбеген жұмыс берушілердің төленген жарналары қайтарылмайды. Бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі принциптеріне қарама-қарсы – жүйенің барлық қатысушыларының ортақтастығы және жүйенің барлық қатысушыларының теңдігі. Төленген қаражаттар, осы кезеңде медициналық қызметтерге жүгінген қолданушыларға медициналық көмекті төлеуге жұмсалады | |
2019 жылы табыс салығын есептеу кезінде жұмыскерлердің жарналары шегеруге жатқызылады ма? | МӘлМС-ке жарналар ЖТС және КТС бойынша шегеруге жатқызылады, осылайша, салық салынатын негіз, сәйкесінше жарналар мен жарналардың сомасына азайтылады | |
Медициналық қызметкерлердің сұрақтары | ||
МӘлМС қалай жұмыс істейді?
|
Қызметкер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер және мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындар үшін енгізген барлық жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) түсетін болады.
Қорға түсімдерді бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне бекітіледі, ал атауландырылған есеп «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясында сақталады. Қор медициналық ұйымдардан медициналық қызметтердің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурс екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде, медициналық ұйымдардың ресурстық қамтамасыз етуін орнатылған мемлекеттік минималды стандарттарға сәйкестігіне бағалауы жүргізіледі (ғимараттар, медицина техникасы, кадрлар). Оң баға беру жағдайында медициналық ұйым екінші кезеңге жіберіледі, онда көрсетілетін қызметтердің көлемін, құнын және орнатылған критерийлер бойынша сапасын бағалау жүргізіледі. Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз етуі мен білікті көмек көрсететін тәжірибелі мамандары бар үздік мемлекеттік және жеке емханалар медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерге ие болады |
|
Денсаулық сақтау жұмыскерлері сақтандырылған мәртебесін қалай анықтайды?
|
Барлық медициналық ұйымдар ҚР сақтандырылған азаматтарының бірыңғай тізбесіне қолжетімділікке ие болады.
Азамат медициналық қызметкерге жүгінген кезде тек оның ЖСН енгізу және оның сақтандыру дәрежесін алуға тиіс. Егер аударымдар енгізілген болса, онда өтініш білдірген азамат сақтандырушын ұсынатын қызметтердің барлық спектрін ала алады. Егер олай болмаса, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетіледі, ал қалған шығындарды азамат өзі төлейді |
|
МедициналықұйымдарМӘлМСенгізуденненіалады?
|
Көрсетілген қызметтер көлемі үшін адекваттық қаржыландыру;
Медициналық персоналға еңбекақыны арттыру мүмкіндігі және қызмет нәтижелері бойынша еңбекақы төлеу жүйесін енгізу; Тарифке амортизациялық аударымдарды енгізу есебінен медициналық техниканы жаңарту мүмкіндігі; Жеке инвестицияларды, тәжірибелі отандық және шетел мамандарын тарту |
|
Медициналық ұйымдар МӘлМС жағдайында медициналық көмекті қалай ұсынады?
|
Қор медициналық қызметтерді ТМККК шеңберінде сатып алған тәрізді МӘлМС шеңберінде де мемлекеттік және жеке клиникалардан конкурс негізінде сатып алады.
Конкурс екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде әрбір медициналық ұйым қызметтерге өнім берушілердің Бірыңғай тізбесіне өзінің техникалық экономикалық және медициналық мәліметтерін енгізеді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес Қор олардың белгіленген ең төмен стандарттарының сәйкестігіне баға береді. Оң нәтиже болған жағдайда медициналық ұйым конкурстың келесі кезеңіне өтеді. Екінші кезеңде көрсетілген қызмет көлеміне, оның құнына және өткен жылы көрсетілген қызметтер санына Қор баға береді (орнатылған критерийлер). Егер медициналық ұйымның ресурстық қамтамасыз етілуі белгіленген ең төмен стандарттарға, ал көрсетілетін қызметтер белгіленген сапа критерийлеріне сәйкес келетін болса, онда медициналық ұйым әлеуетті жұмыс беруші ретінде таңдалады |
|
МӘлМС жағдайында қандай медициналық көмек түрлері көрсетіледі?
|
Медициналық қызметтердің екі пакеті бар.
Бірінші – елдің барлық азаматтары үшін мемлекет кепілдік беретін пакет. Оның ішінде: Жедел жәрдем және санитариялық авиация; Әлеуметтік маңызы бар аурулар және жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; Профилактикалық егулер; Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін). Екінші пакет – Сақтандырылған азаматтар үшін МӘлМС жағдайларында ұсынылатын медициналық қызметтердің пакеті мыналарды қамтиды: Амбулаториялық-емханалық көмек: Емханадағы емдеу; Дәрігерлердің қабылдауы; Зертханалық қызметтер; Диагностика және манипуляциялар; Стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу; Стационар алмастырушы көмек – күндізгі стационарда ем қабылдау; Жоғары технологиялық медициналық қызметтер – күрделі және бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек; Дәрімен қамтамасыз ету – амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде; Мейіргерлік күтім – басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін адамдар; Паллиативті көмек – емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті және ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде ұстап тұру |
|
Медициналық ұйымдарға МӘлМС шеңберінде қызметтерге ақы төлеу тәртібі қандай?
|
Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы келісімшарт жасаған барлық медициналық ұйымдар, көрсетілген қызметтері туралы ақпаратты Қорға күн сайын ұсынады.
Экспертиза объема и качества көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасын сараптауды Қордың өңірлердегі аумақтық бөлімшелері жүргізеді. Ай сайын Қор аумақтық бөлімшелерден төлем қажеттілігін алады және оның негізінде медициналық ұйымдардың есебіне қаражатты аударуды жүзеге асырады. Қор, Бірыңғай ақпараттық жүйенің деректері негізінде, келешекте келісімшарттың іске асыруына әсерін тигізетін медициналық ұйымдардың рейтингін үнемі анықтайды |
|
Медициналық жұмыскерлер үшін жалақы мөлшері артады ма?
|
Елдің экономикасында медициналық жұмыскердің жалақысын кемінде орта деңгейге дейін кезең бойынша арттыру жоспарлануда. 2030 жылға дейін медицина жұмыскерінің (дәрігерлердің) жалақысы республика бойынша орта жалақыны 2 есе артуға тиіс. Осы барлық есептеулер даярланып қойған | |
Медициналық қызмет сапасын бағалаудың қандай критерийлері болады?
|
Қор қолданатынкритерийлердің негізгі тобы:
Пациенттердіңқауіпсіздігі; Клиникалықжәнеэкономикалықтиімділік; Медициналыққызметтерге өнімберушілер арқылықұндыкөрсеткіштер мен индикаторларғақолжеткізу |
|
МӘлМС енгізу бойынша пилоттық өңірлер болады ма және олар кімдер?
|
МӘлМС енгізу Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде бір уақытта жүргізіледі, сондықтан пилоттық өңірлердің болмайтынын білдіреді | |
ӘлМСҚ қаражаттарын бөлудің айқындылығы қалай қамтамасыз етіледі?
|
Қазіргі уақытта, жаңа модельде теңгерімділіктің және Қордың тұрақтылығын қамтамасыз етудің жаңа макроэкономикалық құралдары ескерілген тәрізді, сонымен бірге қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйелері де ескерілген. Қаржылық есептілікті жариялау жөніндегі стандарттық талаптармен қатар Қор қызметінің айқындығын арттыру механизмдері әзірленеді | |
Ақпараттық жүйе халық үшін қолжетімді болады ма? | Денсаулық сақтаудың жаңа электрондық жүйесі ұйымдастырылады, оның шеңберінде Сіздің жеке кабинетіңіз болады. Ол жерде емханаға бару, стационарда емделу, тексерулер мен анализдердің нәтижелері, дәрігерлердің қорытындылары және олардың ұсынымдары туралы барлық ақпарат болады | |
ӘлМСҚ қызметіне қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі ме? | Сапа жөніндегі бірлескен комиссия ДСӘДМ, ӘМСҚ, қоғам өкілдерімен арадағы диалогтік келісім алаңына айналады. Қоғамдық бақылау СБК құрамына дәрігерлер мен пациенттер қауымдастықтарының және өзге де ҮЕҰ өкілдерінің міндетті енгізілуі арқылы жүзеге асырылады
бақылауды қамтамасыз ету тетіктерінің бірі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңда бар – бұл Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия. Бұл комиссия ДСӘДМ, ӘЛМСҚ, қоғам өкілдері арасындағы диалогтік келісім алаңына айналады. Қоғамдық бақылау аталған комиссияның құрамына дәрігерлер мен пациенттер қауымдастықтарының және өзге де ҮЕҰ өкілдерін міндетті түрде енгізу арқылы жүзеге асырылады. ӘлМСҚ жарғысында сондай-ақ, Қоғамдық кеңес құру арқылы бақылауды қамтамасыз ету тетігі қарастырылады, ол сол сияқты ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен диалогтік алаң болады |
|
Медициналық қызметкерлер МӘлМС енгізуден нені алады?
|
еңбек нәтижесі бойынша ақы төлеу;
медициналықтехниканыжаңарту; жаңамедициналықтехнологиялардыенгізу; жұмысорнындаоқытуесебіненбіліктіліктіарттырумүмкіндігі; кәсіптікмобильділікті; материалдықжәрдемкөрсетуретіндеқосымшаәлеуметтікпакеттіалумүмкіндігі; Еңбекжағдайынжақсарту |
|
МӘлМС енгізуге байланысты ерікті медициналық сақтандыру қалай жұмыс істейді? | Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) сақтандырылған адамның МӘлМС жүйесімен көзделмеген медициналық күтімге жұмсалатын шығындарын толықтай немесе ішінара жабуға мүмкіндік береді.
ЕМС полисі жеке тұлғаларға немесе ірі компаниялардың қызметкерлеріне олар өздері таңдаған клиникаларда тексеруден өтуге және сақтандыру компаниясының есебінен (сервистік қызметтер, күту парақтарының болмауы, МӘлМС-ға енбейтін қызметер – стоматология және т.б.) қызмет алуға мүмкіндік береді. ЕМС рәсімдей отырып, азамат ерікті сақтандыру полисіне енгізілген қызметтер көлемін өзі таңдайтын болады |
|
МӘлМС енгізумен медициналық көмектің сапасы артады ма? | МӘлМС енгізумен медициналық қызметтер сапасы даусыз жақсарады. Бұл үшін іс-шаралардың мынадай кешені жүзеге асырылуда:
Сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылды; Сапаны басқару саласындағы функцияларды қайта бөлу, оның ішінде ҮЕҰ-дың қатысуын кеңейту; Қор тарапынан көрсетілген қызметтерге сараптама жүргізу функциясын күшейту; медициналық қызметтерді берушілер арасында одан әрі бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оның сапаны арттыруға себеп болары сөзсіз; сапа индикаторларын Қор мен медициналық қызметтерді берушілердің арасындағы шарттарға қосу және оларды қаржыландыру деңгейлерімен үйлесімдеу және т.б.
|
|
МӘлМС енгізу кадрлық мәселені шешуге көмектеседі ме? | МӘлМС енгізуді басқа реформаларды іске асыру кешенінде қарастыру қажет, оның ішінде, бұл медициналық ЖОО арқылы білікті кадрларды даярлау және практикалық медициналық жұмыскерлердің біліктілігін арттыру.
Министрлік және өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, оның ішінде медициналық персоналды қамтамасыз ету, барлық халыққа білікті медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық құралдармен жабдықтау. Медициналық ұйымдар, әлеуетті жеткізушілер ретінде, белгіленген талаптарға сәйкес МӘлМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсету бойынша конкурсқа қатысу үшін өз ұйымдарының дайындығы бойынша барлық шараларды қарастыруға тиіс |
|
МӘлМС енгізу медициналық қызметкерлердің ақшалай «ризашылығын» шешуге қалай көмектеседі?
|
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысының негіз қалаушы қағидаты медициналық қызметтер нарығындағы бәсекелестікті дамытуды, медициналық персоналдың сапасы мен кәсіптілігін көтермелеуді, дәрігерлердің еңбегін төлеудегі теңгермешілікті болдырмауды көздейді. Білімі мен тәжірибесі пациентпен мойындалатын саланың құзыретті мамандары лайықты еңбекақыға және ынталантыратын бонусқа ие болады. Осылайша, медициналық ұйымдардағы бейресми төлемдердің проблемасы өзекті болмайды және біртіндеп жойылады | |
Жаңа тарифтік саясат өзін-өзі өтеушілік және медициналық ұйымдарды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасайды ма?
|
Ия, өйткені амортизациялық құрамдас бөлікті тарифтерге кезең бойынша қосу жоспарлануда | |
Біздің ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдар жаңа жүйенің енгізілуіне дайын ба?
|
МӘлМС енгізумен ауылдық медицина деңгейінде түбегейлі өзгерістер күтілмейді. Құрылымдық өзгерістер шеңберінде барлық ауылдық медициналық ұйымдар, ӘлМСҚ үшін медициналық қызметтерді жеткізуші болып табылатын бір заңды тұлғаны ұсынады. Ауылдық медицинаның амбулаториялық-емханалық бөлімі белгіленген КТС негізінде, стационарлық – КШТ қолдану арқылы қаржыландырылады | |
МӘлМС жүйесіне өту кезінде стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі қалай қаржыландырылады? | Ауруларды қабылдау бөлмесінің қызметтері, пациенттің келу уақытына және оның денсаулығы күйіне байланысты екі дәреже бойынша төленеді. Біріншісі, ауруларды қабылдау бөлмесінде көрсетілген қызметтерді сағат 3-ке дейін, екіншісі – 24 сағатқа дейін орналасуға төлеуді көздейді | |
Айтыңызшы, медициналық ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қаржыландыру сақталады ма және қандай бағыттар бойынша?
|
ЖАО деңгейінде қоғамдық денсаулық және МӘЛМС жүйесіне кірмейтін кейбір басқа да медициналық ұйымдарды қаржыландыру сақталады | |
Құралдарды сатып алу мен күрделі жөндеуге шығыстар қалайша өтеледі?
|
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытуға арналған бағдарламасына сәйкес медициналық қызметтердің тарифтерге негізгі қаражатын жаңартуға шығыстарды кезең бойынша қосу жоспарлануда | |
Елімізде барлық халықтың бірыңғай деректер базасы бар ма?
|
Ия бар. Бұл мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы. Сондай-ақ Бекітілген халық тізімі бар. Жоғарыда атап өтілген базалардағы деректердің негізінде МӘлМС жүйесі кезінде Сақтандырылған адамдар реестрі қалыптасады | |
МӘлМС енгізу кезінде жеке медицинаны дамыту мүмкін бе?
|
2016 жылға республикалық бюджет қаражатынан 246 жеке меншік нысанды медициналық ұйымдарымен шарт жасалған. МӘлМС енгізумен, бәсекелестік ортаны дамытуды ескере отырып, медициналық қызметтерді көрсетуге жеке медициналық ұйымның басым бөлігі қатысады деп болжаймыз | |
МӘлМС-тың қандай халықаралық тәжірибесі бар?
|
Аралас сақтандыру моделін әлемнің 30 елі таңдады (Германия, Франция, Жапония, Корея, Шығыс Еуропа елдері).
Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы міндетті медициналық сақтандыруға жарналар есебінен өтеледі, Францияда – 75%, Эстонияда – 72%, Германияда – 66% және т.б. Жұмыс берушілердің МӘлМС-ке жарналар мөлшерлемесі Германияда 7,3%-ды, жұмыскерлер – 8,2%-ды құрайды, Словакияда, сәйкесінше, 10% және 4%, Литвада 3% және 6%. МӘлМС енгізу Қазақстанға денсаулық сақтау шығыстарын 2017 жылы 28%-ға, 2018 жылы 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға өтеуге мүмкіндік береді |
|
Қазіргі кезде көптеген мемлекеттік медициналық ұйымдар белсенді түрде бизнеспен айналысуда: медициналық қызметтердің басым бөлігі, әсіресе стационарлар ақшалай көрсетіледі. Бұл қызметтер ТМККК тізбесіне кірсе де, бақылау жоқ, халық төлеп жатыр, мемлекет керісінше ақшалай табыстарды мемлекеттік кәсіпорындарға ынталандырады. МӘлМС енгізу кезінде жағдай қалай өзгереді?
|
ТМККК және МӘлМС шеңберіндегі қызметтер қазір де, МӘлМС енгізумен де ақылы негізде көрсетілмеуі тиіс. Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз етіледі. Алайда сұраныс ұсынысты туындатады. Азаматтар нақты медициналық сақтандыруға жарналар төлеумен МӘлМС жүйесіндегі медициналық қызметтер спектрі мен көлемінің бір мезгілде артатынын көргенде, ақылы қызметтерді тұтыну азаяды
«МӘлМС туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне оның ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық көмек, амбулаториялық-емханалық көмек кіретінің еске саламыз. Медициналық көмек түрлерін қайта бөлу МӘлМС шеңберінде экономикалық белсенді емесхалық үшін мемлекеттің жарна мөлшерлерін кезең бойынша арттыруды ескере отырып, ТМККК-дан ӘлМС-қа жүзеге асырылады |
|
Жеке емхананы таңдауға болады ма және бұл жағдайда төлем қалай жүзеге асырылады?
|
ӘлМСҚ-пен жасалған шарты бар жеке емхананы таңдауға болады. Жеке емханаға ақы төлеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бекіткен медициналық қызметтердің тарифтері мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады
|
|
Сақтандыру болмаған кезде медициналық көмек көрсетуден бас тартылмайды ма?
|
Айтарлықтай «сақтандыру» болмайды. Үнемі тұратын және салықтар мен міндетті төлемдерге ақы төлейтін барлық азаматтар, оралмандар, шетелдіктер Заңға сәйкес МӘлМС шеңберінде медициналық көмек алуға құқытары болады.
Қорға жарналар төлеген сәттен бастап ол сақтандырылған болып табылады және жарналардың үнемі түсуі бар болса жоспарлық медициналық көмекті алуға құқылы. Егер «сақтандырылмаған» жағдайда, ол ТМККК пакеті шеңберінде медициналық көмек алу құқығына ие болады. 2020 жылға дейін бұл пакет сондай-ақ, нәтижесіз жұмыспен қамтылған халық үшін АЕК пен АДҚ-қа кіреді |
|
ММК-ке және ЖММК-ке баға белгілеу қаншалықты өзгереді?
|
ММК мен ЖММК тарифтері, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығын топтардың негізінде жетілдірілетін болады | |
Егер пациенттер басқа аудандарға жүгінетін болса, Бекітілген халықтың тізімі (бұдан әрі – БХТ) рөл атқарады ма?
|
Пациенттерді ағымдағы бекіту және босату ережелеріне сәйкес, пациенттер бекітілу орнын жылына екі рет ауыстыра алады. Егер пациент басқа өңірлерге жүгінсе, бірақ басқа өңірде бекітілген болса, онда оған тек шұғыл көмек қана көрсетіледі | |
МДСБ меншік нысаны бар медициналық ұйымдар қалай қаржыландырылады және ШЖҚ-ға ауысу қажеттілігі бар ма?
|
Денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу МӘлМС жүйесінде қор арқылы мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады: табыстың теңгерімділігі, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі, адал бәсекелестік, медициналық қызметтерді көрсетудің сапасы мен тиімділігі. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың ШЖҚ-ға ауысуы медициналық ұйымдарда басқару мен менеджменттің жаңа корпоративтік тәсілдерін енгізуді ынталандыруға көмектеседі (дербестікті дамыту) | |
Егер жергілікті пациенттер өз қалауы бойынша Алматы қаласының медициналық ұйымдарын таңдаса, онда аудандық ауруханалармен не болады?
|
МӘлМС жүйесі кезінде қолданыстағы медициналық ұйымдарды ерікті таңдау тетігі және «ақша пациенттің артынан жүреді» принципі сақталады. Бұл жағдайда, Алматы қаласында көмек көрсетілетін пациенттер үшін Қор, көмек көрсеткен медициналық ұйымға төлем жүргізеді. Сондай-ақ, ұсынылатын қызметтер көлемінің өзгерістеріне байланысты шарттың құнын көбейту немесе азайту тетігі қарастырылған. Аудандық ауруханалар тек осы мекемеде медициналық көмек алған сақтандырылғандарға ғана төлем алады | |
Медициналық жабдықтарды қалай және кім сатып алады және бөледі?
|
МӘлМС енгізумен тарифтер қайта қаралады. Құрамына, негізгі қордың жаңаруына жұмсалатын шығыстар, яғни амортизациялық жарналар кезең бойынша енгізіледі. Медициналық техниканы сатып алу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, медициналық ұйым 5 млн. теңгеге дейін қажетті медициналық жабдықты өз бетінше сатып ала алады, құны 5 млн.теңгеден 100 млн.теңгеге дейін медициналық жабдықты «Казмедтех» АҚ арқылы лизингіге сатып алуға болады (лизинг төлемдерін өтеумен), ал 100 млн-нан астам теңгеге сатып алулар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бір отралықтан жүзеге асырылады. Одан басқа, медициналық жабдықтарды жеткізушілерден медициналық жабдықтарды жалға алу қарастырылуда | |
МӘлМС жағдайында медициналық көмектің көлемі қалай жоспарланады? | МӘлМС жағдайында медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау, халықтың медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктерінің негізінде, ӘлМСҚ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, демографилық болжамдар және макроэкономикалық модельдер қолданылады, ҚР стратегиялық құжаттарының артықшылықтары және Қордың қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі | |
Сақтандыру жағдайының құны қалай өтеледі? КШТ бойынша ма, әлде нақты шығыстар бойынша ма?
|
Медициналық қызметтерді жеткізушілерге бәсекелестік ортаны құруға бағыттықты және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, МӘлМС жағдайында медициналық қызметтерді төлеудің қолданыстағы тәсілдерін, оның ішінде стационарлық қызметтерді төлеу тәсілін одан әрі жетілдіру.
Ынталандырушы компонентімен қоса, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі амбулаториялық деңгейде дамытылады, пациенттердің ықыласында медициналық қызметтердің кешенділігі мен мұрагерлігін қамтамасыз ету үшн қызметтердің аралас тарифтерін қалыптастыру үйретіледі; – Стационарлық деңгейде, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығын топтардың негізінде тарифтері жетілдірілетін болады; – Сондай-ақ, ауруларды басқарудың енгізілетін тұжырымдамасы шеңберінде, кейбір жағдайларда медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейі біріктірілген тарифтер қарастырылады: МСАК-тан стационарлық емдеуге және одан кейнгі оңалтуға дейін, әсіресе, қымбат тұратын диагностика және емдеу технологиясын қолдану жағдайларында |
|
1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?
|
Қоғамда жүзеге асырылатын кез-келген қайта құрулардің жағмыды, сондай-ақ теріс жақтары бар. 1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар. Бұл реформаның ең басты нәтижесі денсаулық сақтау субъектілері желісін және экономикадан қосымша қаражат тарту есебінен түгел халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін сақтап қалу болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы балаларға арналған мектепге дейінгі мекемелерді жеке секторға беруге алып келді, оның салдары әлі күнге дейін сезіледі. Одан басқа, 90-жылдардың экономикалық шындығы ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді. 20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржы қиыншылықтарына тап болғаны есімізді, олардың көпшілігі банкроттық жағдайына дейін жеткен, жалақы бойынша үлкен берешек жинаған болатын. Қор жағдайы халықтың белсенді емес санаттары үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге арналған жергілікті атқарушы органдар да қиын жағдайда болғанымен ушықты. Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘМСҚ-қа жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады. |
|
Айтыңызшы, ҚР барлық аумағы бойынша сақтандырылған азаматтарға, мысалы, іссапарға жіберілген, демалыстағы адамдарға медициналық қызметтер көрсетіле ме? Әлде тек тіркелген тұрғылықты орын бойынша ма?
|
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘЛМС) пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер, сақтандырылған азаматтық орналасқан жерінен тәуелсіз, Қазақстан Республикасының барлық аумағында көрсетіледі | |
ҚР-да жұмыс істейтін шетелдіктерге, еңбекші мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?
|
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 2-бап 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ЕМС шеңберінде және ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады |