ҚазҰМУ веб-сайты еліміздің үздік сайттарының алтылығында және медициналық ЖОО ішінде бірінші орында
Біздің веб-портал 29 шілде күні Laboratorio de Internet испандық зерттеу зертханасының сайтында жарияланған тамыздағы рейтинг бойынша 4519 орында тұр.
Бүгінгі таңда www.kaznmu.kz ҚазҰМУ сайты:
- Қазақстандағы медициналық ЖОО сайттары арасында №1.
- Қазақстандағы барлық университеттің сайттары арасында №6, 104 болып индекстелген.
- Азия елдері бойынша № 1664.
- Әлем бойынша № 4519.
- 63 жуық еншілес сайттар, жылына беттердің қаралуы саны 11 000 000.
- Күніне сайтқа келушілер саны 15 000.
- Әлемнің 213 елі, 5000 қаласы.
Қазақстанның медицина университеттерінің сайттары рейтингте келесі тәртіппен орналасқан:
- Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің сайты Қазақстан бойынша 34-орынды және әлемдік рейтингтен 12795 орынды алды.
- Ал Астана медицина университеті республика бойынша 42-ші орында және әлемде 13575-ші орында.
- Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті республика бойынша 54-ші орында және әлем бойынша 15281-ші орында.
- Саралау бойынша келесі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті еліміз бойынша 61-ші орын және әлемдік рейтингте 15792-ші орында тұр.
- Медициналық ЖОО сайтының рейтингінің тізімін еліміз бойынша 100 орында және әлем бойынша 24200 орында тұрған Қазақстан-Ресей медицина университеті тәмамдайды.
Webometrics халықаралық рейтингі жылына екі рет – қаңтар және шілде айларында шығатынын естеріңізге саламыз.
Шілде айында шыққан соңғы нәтижеде www.kaznmu.kz веб-порталы дәл осылай төртінші орынды және Қазақстанның медицина ЖОО арасында бірінші орынды алған болатын. ЖОО-ң рейтингтегі орны оқу орнының білім беру және ғылыми жетістіктерін көрсететін ЖОО веб-сайтының сапасына қарай бағаланады.
Рейтингтің негізінде ЖОО-ң негізгі доменінің веб-деректерін ескеретін төрт критерий бар (әр критерийдің оның мәніне сәйкес келетін белгілі бір салмақтық коэффициенті бар):
- Сайттың өлшемі (size — S) – төрт іздеу жүйесінің Google, Yahoo, MSN және Exalead (салмағы — 25%) деректері бойынша есептелетін сайттағы беттердің жалпы саны. Университеттің құрылымы мен қызметін сипаттайтын толық ақпарат беретін сайт студенттерді де, әртүрлі елдің ғалымдарының да назарын аударады.
- Дәйектілігі/көрінісі (visibility — V) – басқа ресурстардан Yahoo, MSN және Exalead жүйелері арқылы сайтқа алынған, сайтта жарияланған материалдардың маңыздылығы мен сапасы жайлы ақпар беретін (салмағы — 50%) бірегей гипермәтіндік сілтемелер саны. Сайтқа сыртқы сілтемелердің саны университеттің адамдарға қаншалықты қызықты екенін көрсетеді, сайттың байқалуының бағасы болып табылады, және де ол жерден дәйектеліп алыған материалдардың беделділігін де көрсетеді.
- «Бай» файлдар/деректері бар файлдар (rich files — R) – Adobe Acrobat (pdf), Adobe PostScript (.ps), Microsoft Word (doc) and Microsoft Powerpoint (ppt) арқылы архивтелген ғылыми жұмыстар мен зерттеулер нәтижелерінің жарияланымдарының файлдар саны (салмағы — 12,5%). Бұл форматтар көбінесе ғылыми жұмыстарды және зерттеулердің нәтижелерін жариялау үшін қолданылады деп саналады. Мұндай файлдардың көптеген саны сайтта тек әкімшілік есептер мен қызметтік материалдар ғана ұсынылмағанын көрсетеді. PostScript and Powerpoint форматтарындағы файлдар ғылыми жарияланымдардың бар екенін көрсетері сөзсіз әрі бұл ЖОО-ң ғылыми қызметінің көрсеткіші болып табылады.
- Google Scholar деректер базасынан жиналатын сайттың ғылыми жарияланымдар саны мен оларға басқа авторлар жасаған сілтемелер ( Sc салмағы — 12,5%).
Алайда рейтингтік орындарды қолдау және жақсарту – бұл қызметкердің қатысуын талап ететін ортақ іс, өйткені ҚазҰМУ алдында басты мақсат тұр – әлемдік білім беру процесінің көшбасшыларының бірі болу.
Біздің мақтанышымыз мол!
ҚазҰМУ ұжымын құттықтаймыз!!!
Рейтинг нәтижелерімен http://www.webometrics.info/en/asia/kazakstan сілтемесі арқылы Webometrics Ranking of World Repositories сайтынан таныса аласыздар.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі