ANaMed Forum – New Generation 2026 аясында Жас ғалымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды
ANaMed Forum – New Generation 2026 халықаралық форумының жабылу рәсімінде Жас ғалымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқау форумның негізгі ғылыми алаңдарының біріне айналып, жас зерттеушілерді қолдауға, университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға және медицина, денсаулық сақтау, фармация, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы өзекті жобаларды ілгерілетуге бағытталды.
Биыл байқау 16 ғылыми секция бойынша өтті. Бұл сарапшыларға әр бағыттың ерекшелігін ескере отырып, ұсынылған жұмыстарды жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді. Қорытындысында 48 жүлделі орын анықталып, жалпы жүлде қоры 9 миллион 600 мың теңгені құрады.
Жеңімпаздарды «KazNMU Endowment» қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, академик Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылым жөніндегі проректоры Фахрадиев Ильдар Рафисович марапаттады.
Жас ғалымдар байқауының жеңімпаздары:
- Камалов Жандос – «Life Science: медицинадағы генетика және жасанды интеллект» секциясы;
- Еркін Айдана, Ермекбаева Аружан – «Жас ғалымдар зерттеулеріндегі клиникалық неврологияның заманауи парадигмалары» секциясы;
- Олжабек Арыстан, Демеуова Аяжан, Құдайқұлова Амангүл – «Кардионефрометаболикалық синдром: ішкі аурулардың жаңа парадигмасы» секциясы;
- Нұрлыман Айгерім – «Хирургия және шұғыл медицинадағы жасанды интеллект» секциясы;
- Жанұзақ Мади «Заманауи жүрек-қантамыр хирургиясындағы интеллектуалды технологиялар» секциясы;
- Исмаилов Шахмурат – «Акушерия және гинекологияның заманауи сын-қатерлері: жас ғалымдардың ғылыми көзқарасы» секциясы;
- Әбілда Еркебұлан – «Травматология және ортопедиядағы жаңа технологиялар» секциясы;
- Амангелді Айым, Қындыбай Ақнұр – «Урологиядағы жасанды интеллект технологиялары» секциясы;
- Айембек Малика – «Медициналық реабилитация және спорттық медицинадағы жасанды интеллект: зерттеуден тәжірибеге дейін» секциясы;
- Гулиева Камиля, Галеева Дания – «Педиатрия ғылымының болашағы: клиника, заманауи ғылыми әдістер және жаңа медициналық технологиялар синергиясы» секциясы;
- Валов Константин – «Стоматология және жақ-бет хирургиясындағы дербестендіру мен жасанды интеллект» секциясы;
- Бухарбаева Асель – «Қоғамдық денсаулық сақтау және заманауи вакцинология: ғылыми және тәжірибелік аспектілер» секциясы;
- Дабыл Аружан – «Денсаулық сақтаудағы мейіргер ісі: сын-қатерлер мен шешімдер» секциясы;
- Джакиянов Амангельды – «Фармацевтикалық биотехнология мен инженерияның цифрлық трансформациясы» секциясы;
- Хамитова Акжонас – «Фармацевтикалық зерттеулер, клиникалық фармация және фармакологиядағы жасанды интеллект» секциясы;
- Садыкова Шахниза – «Медицинадағы жасанды интеллектінің пәнаралық перспективалары: клиникалық тәжірибе, білім және гуманитарлық сараптама» секциясы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жас зерттеушілердің ғылыми дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Қатысушылар медицина мен денсаулық сақтау саласына арналған өзекті әрі тәжірибеде қолдануға болатын жобаларын ұсынды.














