XIII «Бала және қоғам: денсаулық, даму және тамақтану мәселелері» атты Еуразиялық педиатрлар конгресі
XIII халықаралық конференция 2026 жылдың 3-5 шілдесі аралығында Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өтті. Балалар дәрігерлерінің Еуразиялық конгресі Қытай Халық Республикасының, Түркияның, Ресейдің, Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Тәжікстанның және Беларусьтің әртүрлі аймақтарынан келген балалар денсаулығын сақтау саласында маманданған 300-ден астам ғалымдар мен дәрігерлердің басын қосты.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің өкілдері конгреске белсенді қатысты. Профессорлар А.Т. Мусаев, Г.Т. Ташенова, Ж.Ж. Нұрғалиева, Р.Р. Айыпов және Н.С. Божбанбаева модераторлар болып, баяндамалар жасады, резиденттер Д.Т. Сабыркей және М.Б. Мамедов та бірлескен автор болды.
Халықаралық конгрессте балалар денсаулығын сақтау саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде: «Коморбидті пациент – диагностика мен терапияны оңтайландыру» , « Балалардағы нейрокогнитивті бұзылулар – педиатрға арналған клиникалық нұсқаулықтар » , «Бүгінгі аллергия – шешілмеген мәселелерге жаңаша көзқарас» , «Ана мен бала жүйесіндегі клиникалық фармакология және биоэтика» , «Шала туған нәрестелер – шұғыл және кешіктірілген даму мәселелері», «Хирургиялық көмекті ұйымдастыру – әртүрлі патологиялар бойынша тәжірибе алмасу», «Тыныс алу жолдарының аурулары – пациенттерге күтім жасаудың заманауи ерекшеліктері», «Иммундық жүйенің туа біткен және жүре пайда болған аурулары – ерте диагностикалаудың заманауи мүмкіндіктері», «Ішек пен гепатобилиарлық аймақтың қабыну аурулары – қауіптерді қалай азайтуға болады», «Балалардағы инфекциялық процесті диагностикалау мен басқарудың заманауи мүмкіндіктері», «Неонаталдық тәжірибе: тәжірибе алмасу», «Педиатр тәжірибесіндегі диетология және тамақтану мәселелері», «Педиатриядағы сирек кездесетін аурулар: диагностикалау мен емдеуді таңдаудағы қиындықтар» және педиатрлардың ғылыми және практикалық жұмысында маңызды рөл атқаратын басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.














