Тұрақты даму мақсаттары аясындағы «Қоғамдық денсаулық сақтаудың заманауи парадигмалары» халықаралық ғылыми платформасы
ТДМ аясындағы «Қоғамдық денсаулық сақтаудың заманауи парадигмалары» атты кезекті халықаралық ғылыми платформа 2026 жылғы 20 мамырда Т. Шарманов атындағы Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс залында офлайн форматта сәтті өтті.
Іс-шара қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін, заманауи ғылыми тәсілдер мен тұрақты даму саласындағы практикалық шешімдерді талқылауға арналды. Платформа жұмысына Вирджиния Достастығы университеті (Ричмонд қ., Вирджиния штаты, АҚШ) Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің денсаулық сақтау саясаты кафедрасының қауымдастырылған профессоры, VCU–Bolashak International Scholarship Program бағдарламасының директоры, визитинг-профессор Чукмаитов Асқар Серикович, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің докторанттары, магистранттары және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Платформа аясында ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, білім және ғылыми нәтижелер алмасуға бағытталған белсенді академиялық диалог ұйымдастырылды. Қатысушылар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы заманауи үрдістерді, өзекті мәселелерді және инновациялық тәсілдерді талқылады.
Іс-шара модераторлары — «Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: қауымдастырылған профессор Шахиева А.М. және оқытушы Дәрмен Н.Ж.











