ҚазҰМУ-да бірінші курс магистранттарымен кездесу өтті
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2026-2027 оқу жылына қабылданған магистранттармен кездесу өтті.
Бүгінгі таңда ҚазҰМУ-да магистратура деңгейі бойынша 9 білім беру тобы және 21 білім беру бағдарламалары қолданыста. Барлық білім беру бағдарламалары бүгінгі қоғам мен заманауи денсаулық сақтау саласында жоғары сұранысқа ие бағыттар.
Жиынды университеттің Бірінші проректоры Кайдарова Диляра Радиковна жас ғалымдарды оқуға түсулерімен құттықтап, олардың ғылым жолындағы алғашқы қадамдарына шабыт, сәттілік пен толағай табыстар тіледі.
Магистратура және докторантура бөлімінің басшысы Есенкулова Сауле Аскеровна және Мектеп декандары мен кафедра меңгерушілері магистранттарды білім беру бағдарламасының ерекшеліктерімен, алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарымен және университеттің ауқымды ғылыми әлеуетімен егжей-тегжейлі таныстырды.
Ғылым мен медицинаны жаңа деңгейге көтеруге дайын жас ғалымдарымыздың жаңаша жаңғыруларына сәттілік тілейміз!









