ҚазҰМУ-да Дүниежүзілік вирусты гепатиттермен күрес күніне орай дәріс өткізілді
2026 жылғы 16 шілдеде Дүниежүзілік вирусты гепатиттермен күрес күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының қызметкерлері №5 қалалық емхана базасында «Вирусты гепатиттер: өзектілігі, эпидемиологиясы, заманауи диагностикасы және алдын алу стратегиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік дәріс өткізді.
Дәрісті С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Сәдықова Сәуле Сейсембайқызы оқыды.
Іс-шара медициналық қызметкерлер мен студенттердің вирусты гепатиттердің алдын алу, ерте анықтау, диагностикасы және емдеудің заманауи тәсілдері жөніндегі білімдерін арттыруға бағытталды.
Іс-шараны ұйымдастыруға Алматы қаласы Алмалы ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы белсенді қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде дәріске медициналық ұйымдардың бас дәрігер орынбасарлары, инфекционист дәрігерлер, эпидемиологтар, жалпы практика дәрігерлері және инфекциялық бақылау мейіргерлері қатысты. Олардың қатарында қалалық емханалардың, көпсалалы стационарлардың, кардиологиялық және ревматологиялық орталықтардың, Денсаулық орталығының, С.Ж. Асфендияров атындағы Университеттік клиниканың алғашқы медициналық-санитариялық көмек және диагностика орталығының, сондай-ақ жеке медициналық ұйымдардың өкілдері болды.
Дәріс барысында Алмалы ауданының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А.Б. Қалибекова қолданыстағы санитариялық қағидалар мен нормативтік-құқықтық актілердің негізгі талаптары бойынша баяндама жасады.
Дәріс барысында В және С созылмалы вирусты гепатиттері бар пациенттерді диагностикалау, емдеу, диспансерлік бақылау, А және В вирусты гепатиттеріне қарсы вакцинациялау, сондай-ақ медициналық ұйымдардағы эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды. Дәріс соңында қатысушылардың қызығушылығын тудырған өзекті мәселелер бойынша белсенді пікір алмасу өтіп, тәжірибелік сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Осындай іс-шараларды өткізу медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға және студенттердің вирусты гепатиттердің алдын алу мәселелері бойынша заманауи білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді.






