Мичиган университетінің профессоры Элизабет Кинг ҚазҰМУ-да дәріс оқиды
Эпидемиология кафедрасы АИТВ-инфекциясы және ИБ курсымен ПОҚ, магистранттар мен докторанттарды PhD профессор Кинг Элизабеттің Мичиган университетінің (АҚШ) қауымдастырылған профессоры, Ресей, Шығыс Еуропа және Еуразияны зерттеу орталығының директоры, дәрісіне шақырады. Дәріс тақырыбы “Жүкті әйелдерге АИТВ-ға қатысты көмек көрсетудегі айырмашылықтарды жою: енгізу ғылымында сапалық әдістерді қолдану”.
Профессор Кинг — Қазақстанда, Ресейде, Сербияда, Эфиопияда, Украинада және Угандада зерттеу жүргізу тәжірибесі бар жаһандық қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы. Оның ғылыми қызығушылықтары әйелдер денсаулығы, профилактика мен медициналық қызметтерге гендерлік теңдік негізінде қол жеткізу, сондай-ақ халықты АИТВ-ға байланысты көмекпен және емдеумен қамтудағы теңсіздік мәселелерін қамтиды.
Профессор Кинг өз зерттеулерінде гендерлік нормалардың, стигма мен кемсітушіліктің халықтың әртүрлі топтарының медициналық қызметтерге қол жеткізуіне әсерін зерделеп, қалыптасқан кедергілерді жою мүмкіндіктерін айқындайды. Ол АИТВ-ға тестілеу және оны емдеу саласындағы саясатқа құқық қорғау тәсілін енгізуге, жаһандану мен денсаулықтың өзара байланысына, сондай-ақ халықаралық стратегиялар мен қаржыландыру тетіктерінің қоғамдық денсаулық сақтауға, әсіресе Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне ықпалына ерекше назар аударады.
Дәріс 2026 жылғы 29 қазанда сағат 15:00-де №4 аудиториясында (№7 оқу ғимараты) өтеді.



